Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады

Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады

Биыл «Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі 14 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Бүгінде кенттегі 10 көшенің жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, қалған Желтоқсан, С.Жәрімбетов, Төремұрат жырау және Нұрхатов сынды 4 көшенің орташа жөндеу жұмыстары басталуда.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кент көшелеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көріп, жол сапасын бақылады. Сондай-ақ жол құрылысымен айналысып жатқан мердігер мекеме «Строймодуль Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапты өкіліне орташа жөндеу жұмыстарын қараша айының бірінші онкүндігіне дейін толық, әрі сапалы етіп аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, бұдан бөлек аудандағы елді-мекендер бойынша 4 көшені орташа және күрделі жөндеу, Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту, Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолымен «Әлсейіт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықты күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Бүгінде бұл жұмыстардың бірқатары басталып, аяқталуға жақын.
Аудан әкімі кент көшелерін аралау барысында Әйтеке би кентінің оңтүстік бөлігінде орналасқан тесік көпір атанып кеткен теміржол астынан өтетін өткелдің аумағын көрді. Алдағы уақытта тиісті сала басшыларына теміржол астынан өтетін бұл өткел аумағына абаттандыру, жарықтандыру жұмыстарын қолға алуды тапсырды.
28 қазан 2025 ж. 216 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031