Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ямайкаға жойқын дауыл жақындап келеді. Жергілікті халыққа эвакуация жасау ескертілді

Ямайкаға жойқын дауыл жақындап келеді. Жергілікті халыққа эвакуация жасау ескертілді

Сурет: pexels
Ямайкада теңіз жағалауындағы елдімекендерде эвакуация жарияланды. Аралға сағатына 260 шақырыммен ұйытқыған бесінші санаттағы "Мелисса" дауылы жақындап келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ-тың Ұлттық дауылдар орталығы сойқан тайфун 2025 жылдың 28 қазанында таңертең Ямайкаға келіп жететінін хабарлайды, деп жазады CNN.

Аралда қазірдің өзінде дауыл тұру белгілері бар.
Ямайка үкіметі жағалаудағы су шайып кетуге бейім елдімекендерді міндетті түрде эвакуациялау керектігін хабарлап, мәлімдеме жасады. Метеорологиялық қызмет қатты жел тұрып, су тасқыны болып, лай көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертеді.

Дауыл туралы ескерту Кубаның шығыс провинциялары, яғни Гранма, Сантьяго-Де-Куба, Гуантанамо және Ольгинде де жарияланды. Сондай-ақ Гаитиде, Багам аралдарында және Теркс пен Кайкос аралдарында да дауылды ескертулер жаппай хабарланды.

Дауылдың баяу қозғалысы Гаити мен Доминикан Республикасында нөсер жаңбыр мен су тасқынын тудырып үлгерді. Жергілікті биліктің мәліметінше, төрт адам қаза тауып, мыңнан астамы эвакуацияланды.

Метеорологтар "Мелиисаның" жылдам екпін алуына Кариб теңізінің әдеттен тыс жылы суларымен байланыстырады. Бір апта ішінде дауыл Ямайкада 750-1000 миллиметрге дейін, Эспаньоланың оңтүстігінде 1000 миллиметрге дейін жауын-шашынның түсуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Айта кетсек, 40 жыл бойы Тынық мұхитының түбінен естіліп келген тылсым дыбыстың сыры ашылды. Ғалымдар бұл құпияны анықтау үшін жылдар бойы зерттеу жүргізіп келеді.
27 қазан 2025 ж. 216 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031