Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматты анықтады

Қызылордада полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматты анықтады

Қызылордада полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаменті ұйымдастырған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері табиғатты қорғау бағытында бірқатар рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейд барысында ВАЗ-2121 автокөлігін тізгіндеген 42 жастағы Арал ауданының тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін ұсталды. Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары бір аңшы мылтығын, тоғыз оқ-дәріні, сондай-ақ жүк салғыштан екі қапқа салынған жалпы саны 55 үйрек пен қасқалдаққа ұқсас құстарды тапты.
[media=]
Барлық заттай дәлелдер тәркіленді. Аталған дерек бойынша заңсыз аңшылық фактісі бойынша іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері азаматтарды табиғатты аялауға, қолданыстағы экологиялық заңнаманы сақтауға және заңсыз әрекеттерден бой тартуға шақырады.
Фото, видео: Polisia.kz.



27 қазан 2025 ж. 268 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 140

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031