Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығармашыл шәкірт – ізденімпаз ұстаздан

Шығармашыл шәкірт – ізденімпаз ұстаздан

Білім мен тәрбие егіз ұғым. Осы тәмсілді терең түсініп, өмірлік ұстаным еткен жандардың қатарында Қазалы аудандық оқушылар үйінің ұлағатты ұстаздары да бар. Болашақтың басшысын, данасын әрі ғалымын, еңбекқор егіншісі мен кеншісін де өсіретін мұғалімнің еңбегі ұшан теңіз. Әр баланың бойындағы талантын бағалап, дарынын аша түсетін, шығармашылыққа баулып, жан-жақтылыққа тәрбиелейтін де осындағы үйірме жетекшілері. Жуырда ғасырға жуық тарихы бар ғимаратта орналасқан шығармашылық үйінде шыңдалып жатқан шәкірттермен танысып қайтқан едік.

Қазалы аудандық пионерлер үйінің іргетасы 1978 жылы 1 наурызда қаланды. Бертін келе 1996 жылы аудандық оқушылар үйі болып атауы өзгерді. Қазіргі таңда аталған білім ордасы Әйтеке би көшесі №1 үйде бейімделген ғимаратта, бұрынғы теміржолшылар клубында орналасқан. Бұнда әрбір баланың интеллектуалды дамуына, оның қызығушылығы мен әуестенушілігіне, дарындылығын көрсетуге, шығармашылық қабілетіне, кәсіби бағдар алуға және де бос уақытында өнердің барлық салаларын үйренуге жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Білім ордасындағы майталман мамандар мен өз ісінің шеберлері талай талантты қияға қанат қақтырды. Тарихы сонау кеңестік дәуірден бастау алатын оқушылар үйінде өзіндік із қалдырған аяулы ұстаздар, бүгінде бірі ардагер атанса, енді бірі білім беру саласында әлі де аянбай еңбек етуде. Әр жылдарда білімді де білікті басшылар Ұзақ Сарсенбаев, Күлайша Сексенбаева, Рүстем Жанай, Нұрлан Бозғұлов, Қази Иманбаев, Марат Құдайбергенов, Арман Әуез мекемені басқарды. Ұзақ жылдар педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижесінде Күлайша Сексенбаева, Ұлмекен Баекешова, Мерует Ерекешова «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» атағын иеленді.

Өскелең ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі көп ұжымның игі істеріне ұйытқы болып жүрген ұстаздар баршылық. Олардың қатарында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Мәди Тәңірбергенов, әдістемелік бөлім меңгерушісі Арухан Қызылғұл, бұқаралық бөлім меңгерушісі Бақыт Зарипова, педагог-ұйымдастырушы Алтынай Демеуова, педагог-психолог Сарқыт Матай және Зәуреш Айымбетова, Төлеген Сармантай, Қайрат Ораз, Ұлбосын Алматова, Күлмариям Өтегенова, Жанар Әлішева, Нағима Қарымсақова, Темірхан Дербісалиев, Роза Елеева, Найля Оразбаева, Гүлмира Иманалиева, Жанар Еламанова, Асанхан Дальев, Ғалымжан Қабылов, Нұргүл Оразымбетова, Алмас Жакешов, Жанар Ильясова, Жаңагүл Абубакирова, Жазира Мамбетжанова, Шынар Сариева, Сатыбалды Көшербаев, Руслан Ағаділ, Асылзат Әбілхан, Әсемгүл Артықбаева сынды ұстаздар үйірме жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, балаларға заманауи білім үлгісін үйретуде. Сонымен бірге есепші Мәдина Әбжаппарова, хатшы Гүлнәр Қанаева, сүймелдеуші Бақыт Нағимов және шаруашылық меңгерушісі Әділет Оразбаевтың да еңбегі зор. Оқушылар үйінде үйірме мүшелері мектептен алған білімін терең жетілдіріп, дамытып, теориялық білімін өндіріспен ұштастыруға мүмкіндік алады. Жылдар бойы үйірмеге үздіксіз қатысып, білім мен тәжірибе жинақтаған оқушылар уақыт өте келе кәсіби мамандық таңдап, қалауының майталманы атанды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республи­касының Мәдениет қайраткері Өмірқұл Айниязов кезінде «Вокал» үйірмесіне қатысқан. «Би» үйірмесінің мүшесі Аида Исаева Астана қаласындағы өнер академиясын тәмамдап, қазіргі таңда «Ерке» тобының белді бишісі және жеке әнші. «Би» үйірмесіне үзбей қатысып, түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған Айгерім Өтеген, Ғани Бекмұрза, Рима Ералы Қызылорда қаласындағы гуманитарлық колледжді бітіріп, туған жерде балаларға тәлім тәрбие беруде. Биші Айдана Тыныбай Қызылордадағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжден дәріс алып, қазір аудандық мәдениет үйінде «Ақжелең» би тобының көркемдік жетекшісі. «Жеке ән» үйірмесінің мүшесі Нұртас Омаров Ақтөбе қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледждің «Вокал» класының жетекшісі, филармония әншісі. Гүлзина Жақсылық бүгінде П.И.Чайковский атындағы консерватория студенті, Президент оркестрінің жеке әншісі. Сымбат Бұзаубаева Қызылорда қаласындағы музыкалық колледж студенті, болашағынан үміт күттірер жас әнші.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасы Жолдауында. Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы» деп атап көрсетілген. Білім беру жүйесін жаңғырту кезінде оқыту үдерісіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, сандық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу, видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмысын жалғастыру және барлық өңірлердегі оқушылар сарайының базасында компьютерлерді, лаборатория мен 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопаркі мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек­тігіне ерекше тоқталды.
Осы орайда оқушылар үйінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында 2018-2019 оқу жылында ІТ-білімнің белсенді дамуына ықпал етіп, ақпараттық сауаттылықты арттыруға, сандық технологияларды енгізу арқылы түрлі бағдарламалармен жұмыс жасау, ақпарат жинау, алу және бағалау, өңдеу, жасау, тарату, ақпаратты пайдаланудың белгілі бір деңгейін қалыптастыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру мақсатын жүзеге асыру үшін ІТ құрылғылармен жабдықталған робототехника кабинеті, сандық білім беру лабораториясы мен тілдік орталық және 3Д модельдеу кабинеттері қамтылған ITiMAQ – KAZALY балалар технопаркі ашылды.

Сандық зертхана кабинеті арнайы білім беру бағдарламасында көзделген теориялық және практикалық сабақтар өтуде. Технопарк базасында робототехника, компьютерлік және интерактивті жабдықтар, интернет класс, информатика, радиоэлектротехника, бастауыш техникалық модельдеу, көлік модельдеу үйірмелерімен қатар, 3Д принтер, тілдік орталықтар, сандық зертхана, дрон аппаратын басқару және түсірілімдер, бағдарламалар жасау, енгізу, жобалар жасау бағытында үйірмелер жұмыс істейді. Үйірме мүшелері өздері дайындаған жобалары арқылы түрлі деңгейдегі байқауларда бақ сынап жүр. Мәселен, «Робототехника» үйірмесінің мүшелері Елдос Жалғасбай мен Ерасыл Жасарал және ғылыми жетекшілері Қайрат Ораз «ЭРУДИТ-1» командасын құрды. Олар қоқыс жинағыш робот жасады. Бұл робот – адамдардың өмір сүру сапасын арттыруда, тазалықты сақтауда көмекші. Қоқыс жинауға арналған қорапшаға робобөлшектер орната отырып, басқаруды, робоқорапша тұрмыстық сипаттағы мәселені шешуге қабілетті, өте сезімтал. Сондықтан бұл қорапшаны мүмкіндігі шектеулі адамдар да пайдалана алады. Қоқысқа арналған робоқорапшаны жұмыс үстелінің кез келген жеріне орналастыруға болады. Бұдан бөлек команда мүшелері жіп иіру машинкасы және роботехника құрастырды. Айтылған құрал иірілген жіпті робоқұрылғы арқылы жинақтайды.

– Біздің ұжым мектеп оқушыларының сабақтан бос уақытын тиімді ұйым­дастыру, қосымша білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту, кәсіби бағдармен бірге қосымша білім беру бағытында жұмыс істейді. 24 үйірме бар. Шығармашыл шәкірттерге 29 педагог тәлім-тәрбие береді. Олардың 3-уі жоғары, 8-і бірінші, 12-сі екінші санатты. Үйірме мүшелері көркем эстетикалық, сәндік қолданбалы, техникалық, эколо­гиялық, туристик-өлкетану, қоғам­дық-гуманитарлық, тілдік, ұлттық ойын бағыттары бойынша қосымша білім алады. Кент мектептерінен 1218 оқушы қамтылған. Дәстүрге сай 15 қыркүйек күні жаңа оқу жылын бастаймыз, – дейді директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Мәди Тәңірбергенов.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

15 қыркүйек 2019 ж. 2 438 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930