Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қос мереке қарсаңындағы құрмет

Қос мереке қарсаңындағы құрмет

Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде 1 наурыз – Алғыс айту және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткен салтанатты шара «Әйел-ана – еңселі елдің тірегі» деп аталды. Аудандық білім бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастырған мерекелік кешке ардагер ұстаздар, алтын алқалы аналар, білім саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.

Көктемнің алғашқы күндерімен қатар келетін қос мерекемен жиналғандарды құттықтаған білім бөлімінің басшысы Бектұр Қали барша отбасына амандық, әр шаңыраққа береке-бірлік пен баянды бақыт тіледі. Мереке күні мерейі үстем болып, марапат төрінен көрінген жандар облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, аудан әкімінің, білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Білім саласының қызметкерлері алдыңғы қатардан орын алған ардагер ұстаздар мен батыр аналарға сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, мұғалімдер қауымы мен шәкірттер жетістігін жергілікті басылым бетінде жариялап, оқырман назарына ұдайы ұсынып жүрген аудандық «Қазалы» газетінің ұжымына ризашылықтарын білдірді. Білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті барша әйел азаматтарына деген құрметін ықылас гүлі арқылы жеткізді. Алғыс айтылып, тілек тыңдалған кеште білім саласы ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Қуанышбаев та көпшілікке ізгі ниетін білдірді.
Бұл күні асыл әже, аяулы ана, көрікті келіншек, қырмызы гүлдей құлпырған қыздар мен қылықты қарындастарға көрсетілген құрмет ерекше болды. Көңілді кештің көркін қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы мен белгілі әнші Ғани Дәрмағамбетов одан әрі қыздырды.
Кеш соңында Кемеңгер Өтептің «Гүл сыйлаңдар әйелге» әні орындалып, әсемдік пен әдеміліктің символына айналған әйел­дер қауымына қырдың алқызыл қызғал­дақтары тарту етілді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
02 наурыз 2019 ж. 1 964 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930