Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті

Қазалыда білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті

Қазалы ауданында білім қызметкерлерінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында тамыз конференциясы өтті.
Шараға Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, ауданы әкімі Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы, аудан әкімінің орынбасары Жарылқағанов Әлімжан Мұратбайұлы, мәслихат депутаттары және аудандағы білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдер қатысты.
Конференцияда аудан әкімі М.Ергешбаев білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру мәселелері туралы баяндады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Қалиев өткен оқу жылында атқарылған істерге есеп беріп, болашаққа бағдар жасады.
Тамыз кеңесі аясында білім беру ұйымдарының педагогикалық және инновациялық білім беру ұйымдарының робототехникамен жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылған. Кеңес соңында ауданымыздың білім беру мен тәрбиелеуде нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізген ұстаздарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің және облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары мен аудан әкімнің алғыс хаттары табысталды. Шара соңында мектеп оқушылары ән шырқап, өнер көрсетті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
29 тамыз 2018 ж. 2 736 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031