Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім көкжиегі кеңейе түседі

Білім көкжиегі кеңейе түседі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» – атты халыққа Жолдауында тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына арналған он міндет қарастырылған.
Мемлекет басшысының аталмыш бағдарламалық құжатында айқындалған жетінші басымдық – білім берудің сапасын жақсарту. Өткен жылы үшінші жаңғыруды қарқынды қадаммен бастаған еліміз үшін білім саласының алар орны ерекше. Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты білім беру әдістері де өзгерістерге бейімделіп, жас жеткіншектердің білімді жаңаша меңгерулеріне қозғау салуы қажет.
Жолдаудағы: «2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше білім беру әдістері де өзгерістерге бейімделіп, жас жеткіншектердің білімді жаңаша меңгерулеріне қозғау салуы қажет.
Жолдаудағы: «2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет» – деген ұсыныс та біздің көңілімізден шығып отыр. Елбасының балаларға жасаған әкелік қамқорлығын бір ауыздан қолдаған №93 орта мектеп жанындағы «Айжұлдыз» шағын орталығының жаңаша жұмыс істейтініне сеніміміз мол.
Жолдауда біздегі мектептер оқушыларының жүктемесінің бұрынғы ТМД елдерімен салыстырғанда ең жоғары болып келгенін, ендігі жерде оны төмендету мәселесі өте орынды атап көрсетілген. Себебі, сабақ көп болса, ол оқушылардың денсаулығы мен мінез-құлқына, сондай-ақ, білім сапасына да кері әсерін тигізеді. Бұл – бір. Екіншіден, ұстаздар қауымының да шығармашылықпен еңбек етіп, білімді де, білікті шәкірттер даярлауына жол ашылады.
Алдағы уақытта қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындатудың тиімді жолдары да тайға таңба басқандай етіп анық көрсетілген. Мысалы, ана тілімізге әлемде қалыптасқан 7 мың термин сөз аударылған. Міне, осындай жөнсіз терминологиялардан шұбарланған төл тіліміздің тазалығы үшін күресіп, оны сақтап қалғанымыз жөн. Сонда ғана латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуге қолайлы мүмкіндіктер туып, балаларымыз үш тілді еркін үйренетін болды.
Бүгінгі таңда цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, оны кең жолақты интернетке қосу және мектептерді видео құрылғылармен жабдықтау ісін жалғастыра беру – шалғайдағы мектептердің тыныс-тіршілігіне соны серпін беріп, білім сапасын жақсарта түсері сөзсіз.
Елбасының биылғы Жолдауынан бастау алатын ое міндеттің жүзеге асуына қолдау көрсету – жүрегі туған жерім деп соққан әрбір саналы жастың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс.
Нұргүл САХИ,
№93орта мектептің мұғалімі.
17 қаңтар 2018 ж. 2 028 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930