Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келер күннен күтеріміз көп

Келер күннен күтеріміз көп

Біз төрімізге жаңа жыл енгенде «Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқағай» деп ниет етеміз. Тарих қойнауында қалып бара жатқан тауық жылы ауданымыз үшін табыс¬ты болды. Әр саланың даму деңгейі артты. Бір сөзбен айтқанда, «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп». Жаңа ит жылынан не күтеміз?
Жеті қазынамыздың біріне балап, адамзаттың досы санаған ит жылында да ауданымызда атқарылатын толымды тірліктер қатары жетерлік. Мәселен, қазірдің өзінде 1 спорт кешені, 1 аурухана, 1 мектеп салынуда. Келер жылы Әйтеке би кентінен 600 орындық мәдениет үйі, аудан әкімдігінің ғимараты бой көтереді. Жаңа тұрғын үй аймақтары инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Әйтеке би кентінен 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталады.
Аудан басшылығының мәліметіне сүйенсек, алдағы жылы 6 млрд теңгеге жуық қаржыны құрайтын автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын қаржыландыру жоспарланған.
Өткен жылдың ең салмақты жаңалық¬тарының бірі Әлсейіт өткеліндегі темір¬бетон көпірі құрылысының бастал¬ғандығы еді. Алла жазса ит жылында арғы беттегі ағайын көптен күткен арман-тілегіне қол жеткізбек. Тұрғындарға тауық жылында тарту етілген 150 орындық жаңа аурухананың жанынан енді 250 орындық аудандық емхананы көре аламыз.
Қазір ауданда 30 жасанды спорт алаңы бар. Оларды заман талабына сай етіп жаңалау алдағы жылдың еншісінде. Екі жаңа алаң салынады. Жанқожа батыр ауылында құрылысы жүріп жатқан 1 спорт кешені келер жылы пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, жаңа 2018 жылы көп¬теген әлеуметтік жобалар іске асырылатын болады. Мемлекеттік бағдарламалар өз жалғасын тауып, ауданымыздың әлеуметтік-мәдени дамуына үлкен мән беріледі.
Келер жылдан күтеріміз көп. Жаңа жыл барлық аудан халқы үшін табысы тасыған, берері мол берекелі де мерекелі жыл болсын!
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
30 желтоқсан 2017 ж. 1 394 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930