Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баспана мәселесі байыппен шешіледі

Баспана мәселесі байыппен шешіледі

Келер жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Әйтеке би кентінен 18 пәтерлі 6 тұрғын үй салынады. Ол үшін жаңа тұрғын үй аймақтарын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 300 млн теңгенің жобасы қолдау тауып, тұрғын үй құрылысын салу жобасы әзірленді. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Ситекен мәлімдеді.
Брифинг барысында Марат Шәкіратұлы Қазалы ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тұрғын үй беру және есепке қою туралы ақпараттармен бөлісті.
Оның айтуынша, бүгінгі күні аудан көлемінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде «бөлімнің» есепке алу және кезекке қою базасында бүгінгі күні 4 санат бойынша кезекке тіркелген.
Атап айтатын болсақ, Ұлы Отан соғысының ардагері 1, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 193, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар – 345 және бюджеттік сала қызметкерлері 100, барлығы 638 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезекке қоюдың тәртібі ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «халыққа қызмет көрсету орталығы» Қазалы аудандық бөлімі арқылы тиісті құжаттарын тапсырып, «Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есепке алу және кезекке қою базасында кезекке тіркеледі.
– ҚР азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымындағы №856 Қаулысының негізінде есепке алынған адамдарға, сонымен қатар, жоғарыдағы көрсетілген Заңның 74 бабының 1 тармағында Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген кезден бастап тек тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі және осы баптың 3 тармағында көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды, – дейді бөлім басшысының міндетін атқарушы.
Айта кетейік, «Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес кезекте тұрған азаматтардың бөлек тізімдері жыл сайын бірінші тоқсанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жарияланып отырады. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 санды Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша тұрғын үй кезегіне тіркелуге аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы электронды үкімет веб-порталы арқылы немесе өтініш берушіде электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда электронды үкіметтің «www.egov.kz» веб-порталы арқылы қызметтер көрсетіледі.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
23 желтоқсан 2017 ж. 2 398 0

Кемел келешек тіледі

06 қазан 2024 ж. 57

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031