Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тауық жылының табысы

Тауық жылының табысы

Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында тарихтың тағы бір алтын парағына айналғалы отырған 2017 жылды қорытындылауға арналған мерекелік салтанатты шара өтті.
Жиында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев биылғы жетістіктерді атап өтіп, ауданның саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуында оң өзгерістер орын алғанын жеткізді.
– Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 10,4 млрд теңгені құрап, 6,1 пайызға артты. Өнім көлемінің еселеп артуы жергілікті бюджетке салық түсімінің ұлғаюына оң әсерін тигізді. Кәсіпкерлер қатары да көбейіп келеді. Бүгінде аудандағы 4 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 9 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Алдағы жылы бірнеше инвестициялық жоба іске аспақ. «РЗА» акционерлік қоғамы ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының екінші кезеңін қосу арқылы мал басын 1200 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал «Сыр маржаны» серіктестігі «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Иран Ислам Республикасымен келісімдер жасауда. Бизнеске қолайлы жағдай туғызу мақсатында ашылған «Өндірістік аймақта» құны 400 млн теңгеге жуық тағы жаңа 9 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның төртеуі толық іске қосылды.
Ауданда құрылыс та қарқынды дамуда. Биылдың өзінде 4 млрд астам қаржы құрылыс саласында игерілді. Келер жылы Әйтеке би кентінен 600 орындық мәдениет үйі мен 18 пәтерлік 6 көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталады.
Алдағы жылы 6 млрд теңгеге жуық қаржыны құрайтын автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға ұсындық. Тұрғындардың денсаулығын жақсарту да басты назарымызда. Жақында заманауи медициналық құралдармен жабдықталған 150 орындық аурухана іске қосылатын болады. Енді жаңа аурухана жанынан 250 орындық аудандық емхана салу жоспарымызда бар. Амандық болса, құрылыс жұмыстары алдағы уақытта басталатын болады.
2017 жыл ауданымыз үшін шын мәнінде, бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, халық қалаған серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Ойда қалар оқиғаларымен, есте ұстар ерекшеліктерімен қымбат болды, – деп қазалылықтарды жаңа жылмен құттықтады.
Тауық жылы ауданымыз үшін табысты болды деуіміздің себебі де жоқ емес. Осы жылы ауданымызда көптеген шаралар жүзеге асырылды. Атап айтар болсақ, Басықара батырдың 260, Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаевтың 100, Шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани Мұратбаевтың 115, Арықбалық шайқасына 160, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 95, Талант Бөріқұлақовтың 70, Қазалы қаласы атауының 150 жылдығы мен арқалы ақын Жетіскен Мәкеналының 65 жасқа толуына орай ауқымды шаралар ұйымдастырылды.
Көптен күткен Сырдария өзенінің «Әлсейіт» өткелінде темір-бетон көпірінің құрылысы басталып, халықтың көңілі бір көтеріліп қалды. Аманшылық болса, арғы беттегі ағайындардың жол азабынан құтылар күні де алыс емес.
Салтанатты шара барысында ауданымыздың мерейін өсіріп, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтар жыл қорытындысы бойынша «Жыл үздігі» номинацияларымен марапатталды. Ал, 2017 жылдың қорытындысымен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсына қатысқаны үшін Қазалы вагон жөндеу зауыты мен «Қазақстан темір жолы» АҚ жүк тасымалы – Қызылорда бөлімшесі ГП филиалы Қазалы пайдалану вагон депосының басшылары Талғат Әліпбаев пен Арғын Орымбаевқа «Парыз-2017» дипломы табысталды.
Марапаттау салтанатынан соң зал толы көрерменге аудандық мәдениет орталығы мен аудан өнерпаздарының қатысуымен дайындалған мерекелік концерт ұсынылды. Жергілікті әншілер орындаған әсем әуендер көпшіліктің көңілінен шықты.
2018 – ит жылы табысты, жеңісті де, жемісті жыл болсын. Өлкеміз өрісті, кемелдігіміз кенішті болсын. Өнеріміз өркендеп, жетістігіміз жақсылық жалауына айналсын.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
31 желтоқсан 2017 ж. 1 510 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930