Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тәуелсіздік – тірегім

Тәуелсіздік – тірегім

Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты шара өтті.
Барша қазылылықтарды мерекемен құттықтаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев:
Бұл – бабаларымыздың асқақ рухы алдында, жан алысып, жан беріскен аманаты алдында тағы бір тағзым ететін тарихи күн. Халқымыздың ақ тілеуімен осыдан 26 жыл бұрын азаттықты аңсаған ел арманы орындалды. Қазақстан төрткүл дүниеге өз Тәуелсіздігін жариялады. Өз Көшбасшысын таңдау арқылы Тәуелсіздігімізді баянды етуге бір кісідей жұмылды. Жас Тәуелсіз мемлекетте ұстанымы нық, бағдары айқын, салмақты саясатты арқау еткен болмысы бөлек қоғам қалыптасты.
Бүгінде халықаралық қауымдастық аз ғана уақытта Қазақстанды бейбітшілік бесігіне айналған мемлекет, сенімді әріптес ретінде құрметтейді.
Бұл орайда Елбасының«Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды»деген сөзін ұмытпауға тиіспіз. Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету – біздің ортақ міндетіміз. Осы ортақ мүдде – Отанымызды көркейту жолында табысты еңбек ете берейік! – дей келе, баршаға зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі.
Иә, еліміз тәуелсіздігін алған ширек ғасырдан астам кезеңде үлкен тарихи табыстарға жетті. Сол жетістік жолында кездескен қиындықтарда шын болаттай шыңдалды, жаңа жағдайларға бейімделудің жақсы үлгісін көрсетті.
Мемлекетімізбен қатар туған жеріміз Қазалы ауданыда қарыштап дами бастады. Бүгінгі таңда Қазалы даму қарқыны бойынша көшбасшы аудандардың қатарында. Биыл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2,9 пайызға артты. Соңғы жеті жылдың өзінде 20-дан астам инвестициялық жобалар жүзеге асты. Аграрлық сектор да дамуда.Биыл 9,3 млрд. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліп, 135 млн теңгенің инвестициясы салынды.
Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде мал, егін шаруашылықтары жақсы табыстарға жетті. Қазалыда құрлыста қарқынды. Биылдың өзінде 5 мектеп, 1 ауылдық клуб пайдалануға берілсе, 1 спорт кешені, 1 аурухана, 1 мектеп салынуда.
Келер жылы Әйтеке би кентінен 600 орындық мәдениет үйімен 18 пәтерлік 6 көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталмақ. Аудан халқының 50 пайызын көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп, үздіксіз ауыз су жүйесіне қосылды. Келер жылы «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірі іске қосылып, арғы беттегі ағайынның кез келген мезгілде жолға шығуына кедергі келтіретін күрделі мәселе жойылмақ. Бізде апатты жағдайдағы мектептер жоқ. 3-6 жас аралығындағы балалар жүз пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Жуырда 150 орындық аурухана пайдалануға берілмек. Оған облыс әкімінің тікелей қолдауымен Ресейден «Ангиограф» медициналық аппараты алынуда. Тағы бір жағымды жаңалық жаңа аурухана жанынан 250 орындық аудандық емхана салу да жоспарда бар.
Ауыз тотырып айтар жетістіктеріміз жетерлік. Бұның бәрі Тәуелсіздіктің арқасы. Егемен елімізді одан әрі көркейтіп, экономикасы мен әлеуметтік хал-ақуалының артуы жолында өз еңбектерін сіңіріп жүрген бірқатар азаматтар мерекелік кеште марапатқа ие болды. Жиында 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қызылорда облысының Құрмет грамотасын иеленген әріптесіміз Сахи Қапарды құттықтаймыз.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
15 желтоқсан 2017 ж. 2 534 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930