Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Made in Kazakhstan» белгісі бар жаңа автокөліктердің сатылымы екі есеге артты

«Made in Kazakhstan» белгісі бар жаңа автокөліктердің сатылымы екі есеге артты

2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда автокөлік өндірісі екі есеге өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстандық автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қауымдастықтан хабарланғандай, нарық аясының кеңеюіне байланысты отандық автоөндірушілер өндірісі көлемін арттырып келеді. Импорттық автокөліктердің үлесі азайып, жыл басынан бері алты айдың ішінде отандық автоөндіріс сатылымы 47,04 пайызды көрсеткен. Яғни, «Made in Kazakhstan» жазуы бар жаңа автокөліктердің сатылымы екі есеге артып отыр. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының келтірген мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың 6 айында Қазақстанда барлық типтегі 14 660 көлік өндірілген. Нақтырақ айтқанда, еліміздегі алты ірі кәсіпорынның күшімен жарты жылда 13 725 жеңіл автокөлік (+76,4%), 486 ауыр жүк көлігі (-0,2%), 153 автобус (-51,1%), 210 тіркеме мен жартылай тіркеме (+60,3%) және 86 дана берік арнайы техника (+60,3%) шығарылған. Өндіріс тұрғысынан қостанайлық «СарыарқаАвтоӨндіріс» өсім тұрғысынан +123,2 пайыздық көрсеткішпен көш бастап тұр. Алты айдың ішінде аталмыш кәсіпорын 5297 жеңіл, ауыр жүк көлігі мен автобустарды өндірген. Екінші орында - өскемендік «Азия Авто». Мұнда 8573 автокөлік (+51,7%) құрастырылған. Сонымен бірге, көкшетаулық «КАМАЗ Инжиниринг» 280 ауыр жүк көлігін шығарса, алматылық «Hyundai Trans Auto» 94 дана техника, семейлік компаниялар «СемАЗ» бен «Daewoo Bus» 89 дана және 67 даналық көрсеткішпен алты айды қорытындылап отыр.

17 шілде 2018 ж. 1 253 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031