Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің Франциямен туристік ынтымақтастығы артуда

Еліміздің Франциямен туристік ынтымақтастығы артуда

Фото: BAQ.KZ
Қазақстандық кәсіпкерлер Францияның қонақ үй бизнесі өкілдерімен ынтымақтастық меморандумын бекітті. Салтанатты шара еліміздің Туризм және спорт министрлігінде өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келіссөздерге сай, өңірлерде француз мейманхана желісін кеңейту жоспарланып отыр. Ведомство басшысы Ермек Маржықпаев бұл отандық туризмді дамытуға зор ықпал ететінін атап өтті. Айта кетейік, мемлекет басшысы саланың инвестициялық әлеуетін арттырып, кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында кешенді шараларды іске асыруды тапсырған.

Бұл дегеніміз халықаралық дәрежеде елімізде қонақүйлер пайда болады. Әрине, сіздер білесіздер, елімізде осындай территориясы үлкен болғаннан кейін жетіспеушілігі ақырындап біз осылай шетелдік кәсіпркерлермен одан кейін отандық кәсіпкерлерді тарту арқылы шешіп жатырмыз. сонымен қатар туризм саласына мемлекеттік қолдау жасалып жатқанын айтып өткім келеді, - деді ҚР ТСМ туризм және индустрия комитеті төрағасының м. а. Нұртас Кәріпбаев.
25 қаңтар 2024 ж. 211 0

Ер есімі – ел есінде

02 қараша 2024 ж. 64

Бала жанының бағбаны

02 қараша 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930