Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей мұнайы Қазақстан арқылы Қытайға жаңа шартпен тасымалданады

Ресей мұнайы Қазақстан арқылы Қытайға жаңа шартпен тасымалданады


https://baq.kz/resey-munayy-qazaqstan-arqyly-qytayga-zhana-shartpen-tasymaldanady-330557/
​​​Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев баяндама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Нәтижесінде Сенат Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдауды реттейтін үкіметаралық келісім туралы заңды мақұлдады.

Хаттамада Ресей мұнайын Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тасымалдау жөніндегі Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы 2013 жылғы жасалған келісімнің қолдану мерзімін 2034 жылға дейін ұзарту және де мұнай транзитінің көлемін, тарифті өзектендіру мәселелеріне қатысты келісімге өзгерістер енгізу көзделген.

2023 жылдың ақпанында Ресей тарапы (Роснефть) 10 жылдық кезеңге 100 млн тонна жеткізу туралы Қытай тарапымен (СПНС) келісімін ұзартып, қол қойды. Осыған байланысты, 2023 жылдың маусымында Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы екіжақты келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Хаттамада мұнай транзитінің көлемін және тарифті өзектендіру мәселелеріне қатысты келісімге өзгерістер енгізу көзделеді, - деді Алдашев.

Хаттамада мұнай транзитінің көлемін және тарифті өзектендіру мәселелеріне қатысты келісімге енгізілетін негізгі өзгерістер төмендегідей:

1.Тасымалданатын мұнай көлемі жылына 7 млн тоннадан, 10 млн тоннаға дейін өседі.

2. Түймазы – Омск – Новосибирск мұнай құбырының Қазақстандық учаскесінде мұнай тасымалдау тарифі 2,1 доллар болып белгіленді.

3. Қазақстан аумағы бойынша тасымалданатын мұнай тарифі тоннасына 15 доллар құрайды.

4. Келісімнің қолданылу мерзімі 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылады.

5. Қазақстан тарапы мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салады.
02 мамыр 2024 ж. 228 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 72

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 73

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 71

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 66

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930