Қырғызстанда 29 баланы қаққан көлік жүргізуші ұсталды
Қырғызстанның Созақ ауданындағы оқушыларды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы елдің ІІМ хабарлады, деп жазады Кабар агенттігі.Ведомство басшысының орынбасары Октябрь Урманбетов оқиға болған аймаққа келіп, жағдайды өз бақылауына алды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі 29 баланы қағып, олардың 7-еуі жансақтау бөліміне жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.
Фото: ашық дерекөз
https://syrboyi.kz/zedelnews/qyrghyzstanda-29-balany-qaqqan-koelik-zhuergizwshi-ustaldy-172543/













