Ынтымағы жарасқан
Ү.Түктібаев ауылдық кітапхана, клуб, Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектептің 9 «б» сынып оқушыларының бірігіп ұйымдастыруымен, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, патриоттық сезімге, Отанға, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты таным сағаты өткізілді.
Шара сынып оқушыларының Әнет баба мен бала Төленің арасындағы «Бірлік» туралы диалог көрінісімен бастау алды. Б.Әбдіразақов атындағы 88 орта мектептің директорының орынбасарлары Т.Әбдіраманов, Н.Қуандықов, клуб сүйемелдеушісі Б.Салжекеновтер сөз сөйлеп мерекелік лебіздерін білдірді. Аталмыш шарада әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен билері биленді, ақын Н.Баймұхамедовтың сөзіне жазылған , композитор А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әні хормен орындалды. Ү.Түктібаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Ниетова: 130-дан астам түрлі этнос өкілі қазақтың қасиетті қара шаңырағының астында біртұтас ел болып, достықта, бейбітшілікте тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бақтан: «Қайда барасың?», – деп сұрағанда: «Ынтымағы жарасқан елге барамын!» – деген екен. Сол айтқандай, бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда ғана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенемін, мереке баршаңызға құтты болсын. – деп қорытындылады.
Гүлмира Ниетова