Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Электрондық сот ісін жүргізу – заман талабы

Электрондық сот ісін жүргізу – заман талабы

Фото
Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық соттар жаңа технологиялармен жабдықталған. Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдер қағазбастылықтан арылып, электронды сот өндірісіне көшуде. Бүгінгі заман талабына сәйкес еліміздің сот жүйесі саласында да электронды сот төрелігін дамытуға үлкен мән берілуде. Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесі жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып келеді.
Осының арқасында талап-арыздарды қағазда емес, электронды түрде беруге болады. Талапкерлер жүйеге тіркеліп, сот кабинеті сайтында жеке кабинет ашады. Содан кейін қолда¬нушы өзі туралы қажетті ақпаратты енгі-зеді, қажетті бөлімді таңдайды, файлдарды жүктейді де оларды сотқа жібереді.
Бүгінгі күні электронды төреліктің артықшылықтары барлығына белгілі. Біріншіден, бұл олардың көбі бір емес, бірнеше рет сот кеңсесі арқылы сол немесе басқа құжаттарды беру үшін, не болмаса құжаттарды поштамен жіберу үшін жүздеген шақырымдарды жүріп өту керек болатын. Сәйкесінше, бұл пошта шығындарын үнемдеуге, сот процесіндегі адамдық фактордың рөлін төмендетуге, оның тиімділігін арттыруға, өркениетті әлемде қабылданған стандарттарға қосуға мүмкіндік береді. Екіншіден, процесс қатысушыларын хабарландырудың тәртібі өзгертілді. Келесі тыңдалымның уақыты, орны және күні туралы ақпараттар тікелей тараптардың ұялы телефондарына sms-хабарлама түрінде түседі. Бұл іске қатысушылардың шығынын ғана үнемдеп қоймайды, сонымен бірге істі қараудың мерзімін де қысқартады. Сәйкесінше, процеске қатысушылардың – абоненттік нөмірлері, жіберілген хабарламаның мәтіні, сонымен бірге жеткізілгендігі туралы мәлімет іс материалдарына қоса тіркеледі.
Тараптардың қатаң белгіленген тәртіпте, электронды түрде электронды өтініш-ескертпе беру құқығы болуының да маңызы кем емес. Айта кететін тағы бір жағдай, ол тараптардың қатысушыларының немесе олардың өкілдерінің сот мәжілісінің хатта¬масымен танысуға және хаттамаларға жазбаша немесе электронды сандық қол қоюмен куәландыра отырып, электронды түрде ескертпе беруге құқығы бар.
Сонымен бірге, республикамыздың барлық соттарында бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы жұмыс жасауға да жағдай жасалған. Сот жүйесінің бейнеконференц байланыс арқылы жұмыс істеуге көшуі ең алдымен уақытты, одан соң қаржыны үнемдеуге септігін тигізеді. Мәселен, IOS және Android платформаларына бейімделген мобильді қосымшаның көмегімен процеске қатысушы адам шетелде жүрсе де, басқа қалада болса да сот отырысына қатыса алады.

Е.А.Амангелді,
Қазалы аудандық сот әкімшісі 
басшының міндетін атқарушы
02 мамыр 2024 ж. 210 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031