Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәжіліс

Маңызды мәжіліс

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен бірқатар өзекті мәселелерге байланысты арнайы мәжіліс өтті.
Аудан басшысы алдымен кадрлық өзгерістерге тоқталды.
– Осы жылдың 21 сәуірінде өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталған Сарыкөл ауылдық округ әкімінің сайлауы өткізіліп, ауыл халқы өз таңдауларын жасады. Өткізілген сайлаудың қорытындысымен кандидат Бердімұрат Рахымжан Дабылұлы Сарыкөл ауылдық округі әкімі болып сайланды.
Қазалы аудандық отбасын қолдау орталығының директоры болып Сералиев Нұркен Жарболұлы тағайындалды. Аудан басшысы жаңа ауыл әкімі мен орталық директорының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Мәжілістің күн тәртібінде аудан көлеміндегі егін егу науқанының өту барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры мен бағасын реттеу және санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары мәселелері талқыланды.
Жиында қаралған егін егу науқаны мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселері бойынша аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов баяндама жасады.
Ал аудандағы санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жайында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сыдықов баяндады.
Биылғы жылы ауданымызда 17 377 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырылуда. Оның ішінде негізгі дақыл – күрішті 6200 гектар жерге егу жоспарланған.
Мәжілісте аудан әкімі егін науқанына аса жауапкершілікпен қарап, тиісті жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін айтты. Негізгі дақыл – күріш егу жұмыстарын жоспарға сәйкес орындауды тапсырды. Ал жауапты мекемелерге бұл науқандағы ең маңызды мәселе – суға қарыз болған шаруашылықтардың қарыздарын өтеу жұмыстарын жеделдету қажеттігін еске салды. Сондай-ақ ауыл әкімдеріне тұрғындардың бау-бақша егіп, өздеріне қажетті картоп, жуасын және өзге де қажетті дақылдарын егіп алуына қажетті жағдайды жасау жөнінде де нақты тапсырмалар берілді.
Мұнан соң аудан басшысы нарықта халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті әрі бағасы тұрақты болуы қажеттігін айтты. Бұған қатысты арнайы жұмысшы тобы құрылып, азық-түлік бағаларының өсім алмауына күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды. Осы орайда ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтовке әлеуметтік дүкендер мен сауда орындарында әлеуметтік бұрыштар ашып, тұрақтандыру қорының өнімдерін белгіленген бағада сату жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырма берілді.
Ал қала, кент және ауыл әкімдеріне аудандағы санитарлық тазалық мәселесі күн тәртібінен түспейтінін айтып, Әйтеке би кентіндегі белгіленген 7 аймақ пен барлық округтерде тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды ескертті.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
04 мамыр 2024 ж. 194 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031