Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ тілі трендте

Қазақ тілі трендте

фото
Т
іл-ұлттық құндылық. Халқымыздың құнды қазынасының бірі-қазақ тілі.
Ата заңымыздың 7-бабында “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі” деп жазылған. Ал орыс тілі мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Конституцияда “Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды”, – делінген.
Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту зор мақсат.Ана тіліміздің жағдайы әрбір жанашыр азаматты толғандырары сөзсіз.
Байқасаңыз,қазіргі кезде қазақ тіліне деген қызығушылық танытқан адамдардың саны жылдан-жылға артуда.Тіпті олардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар.Бұл әрине,мемлекетіміздің әлемдік аренада абыройын арттыруға ерекше ықпал етеді.
Мемлекеттік тілімізді үйрену үшін түрлі жағдайлар жасалуда.Соның бір мысалы қазақ тілін өз бетінше үйренем деушілерге Tilqural.kz, Abai.institute, Tilmedia.kz, Balatili.kz, Soyle.kz, Bala.soyle.kz, Qazonline, Ana tili қосымшалары жұмыс істейді.Инстаграм әлеуметтік желісінде QazaQGrammar атты аккаунттан білмейтін кейбір сөздер мен оның жазылуын қарауға болады.Сонымен қатар, отандық айти мамандары да тіл саласына өз үлесін қосуда. Қазіргі кезде қазақ тілінде Aitube, Aitu,Aqyl Battle, EasyTapp сынды бағдарламалар шығарылды.
Одан әрі тіліміздің мәртебесі,қолданысы артуы үшін қолымыздан келгенше жүйелі жұмыстар жасағанымыз дұрыс.Әсіресе,біз жастар барынша тілімізді жақсы көріп,дәріптеуіміз керек.Сондықтан алдымен күнделікті өмірде,тіпті әңгіме барысында тілдік нормаларды сақтағанымыз жөн.Осы бір қағидаларды ұстансақ ойымыз жүйелі болары сөзсіз.Реті келіп жатса әдебиетіміздегі ақын-жазушылардың сөздерін қолданайық.Бұл арқылы әңгімеміз естіген құлаққа да жағымды болады.
«Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте» демекші,өзге де тілдерді сыйлап,құрметтей жүріп,қазақ тілінде ерекше құрметке лайық қылайық.

Тоғжан Шора
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінің 
2-курс студенті

03 мамыр 2024 ж. 602 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 28

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 29

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 30

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031