Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сақтық – саулық кепілі

Сақтық – саулық кепілі

Конго-Қырым геморрагиялық – жедел вирусты, табиғы-ошақты, аса қауіпті жұқпалы аурулар қатарына жатады. Негiзiнен екi толқынды дене қызуының көтерiлуiмен, жалпы интоксикация және қан кету белгiлерiмен сипатталады. Республика аумағында жыл сайын адамдардың КҚГҚ-мен ауруының спорадиялық жағдайы тіркеледі. Қызылорда облысы КҚГҚ бойынша қолайсыз аумақ болып есептеледі.

Адам қалай жұқтырады?

Адам вирусты кене шаққанда немесе кенені жалаң қолмен алғанда, малға күтім жасау (қой қырқу, сиыр сауу) кезінде кенені байқамай жаншығанда, инфекция жұққан жануарларды бөлшектеу, сою кезінде олардың қанымен, терісімен жанасқанда, қан кету белгілері бар адаммен байланыс жасағанда жұқтырады.

Қандай белгілер болады?

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы белгілері ауруды жұқтырғаннан бастап 1-14 тәулік ішінде кенеттен пайда болады. Науқаста дене қызуының көтерілуі, басының қатты ауыруы, буындар мен бұлшықеттердің сырқырап ауыруы, әлсіздік, делсалдық, бет, мойын, кеуденің жоғары бөлігінің терісінің қызаруы, ас ішуге байланысты емес қайталап құсу, ішінің ауыруы, диарея байқалады. 3-4 тәуліктен кейін мұрыннан қан кету, қызыл иектің, көз склерасының қанталауы, әр-түрлі ағзалардан қан кету, нүктелік (петехиальды) бөртпелер, ине шаншыған жердің қанталауы пайда болады. Геморрагиялық белгiлер пайда болғаннан соң аурудың жалпы жағдайы күрт нашарлай түседi. Аурудың сыртқы түрi өзгередi. Бетiнiң қызаруы кетiп бозғылттана бастайды. Жалпы алғанда аурудың ағымы және соңғы нәтижесi осы геморрагиялық белгiлердiң мөлшерiне, көлемiне, уақытына байланысты.

Қалай алдын аламыз?

Кене ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы – кене шағуының алдын алу.Ашық аумақтарға шыққан кезде шөпке отыруға, жатуға болмайды және жабық киім киген жөн, шалбар етікке тығылған болуы керек және міндетті түрде өзіңізбен бірге бас киімді алыңыз, шашыңызды бас киімнің немесе орамалдың астына жинаңыз. Арнайы кенеге қарсы аэрозоль және спрей репелленттерін пайдаланыңыз, оларды үш сағат сайын қолдану керек. Ашық аумақтағы демалыстан келгеннен кейін киімдерді шешіп, денеде, шаштардың арасында, қолтық асты, шап аймғында, құлақтың артында кенелердің бар-жоғын мұқият тексеріңіз. Жануарлардың кенелермен зақымдалуына жол бермеуге тырысып, кенелерге қарсы күрес жүргізу қажет. Кене шаққан жағдайда жақын маңдағы медициналық мекемеге барғаныңыз дұрыс және оларды қауіпсіз әдістермен алып тастау керек, сондай-ақ 14 күн бойы медициналық бақылауда болып, күніне 2 рет дене қызуын тексерген дұрыс. ЖРВИ және басқа да вирусты инфекциялар симптомдары (температураның көтерілуі, қалтырау, дененің сырқырап ауыруы және т.б.) байқалған жағдайда тез арада жақын жердегі медициналық мекемеге қаралу керек.
Есіңізде болсын! Кене шағуы аса қауіпті инфекцияның – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының даму мүмкіндігімен қауіпті. КҚГҚ-на күдіктенген жағдайда уақытында медициналық көмекке жүгіну – тез сауығудың және минимальды асқынулардың кепілі.

Толғанай ӘЗІЛХАН,
дәрігер-инфекционист
04 мамыр 2024 ж. 259 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031