Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұн бағасы қымбаттап жатыр

Қазақстанда ұн бағасы қымбаттап жатыр

Жылдық динамикада ұн бағасы 11,1%-ға өсті. Биылғы қаңтар мен шілде аралығында елімізде 1,8 млн тонна ұн өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7%-ға азырақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 
Ұнды Қостанай облысы ең көп өндірген: өңірдегі ұн өндірісі жарты жылда 587,3 мың тоннаны құрады, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл 7,8%-ға көбірек. Үздік үштіктің қатарына Шымкент (189,1 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 17,4%-ға аз) және Солтүстік Қазақстан облысы (176,1 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 3%-ға көп) кірді.
2020 жылы еліміздегі ұн өндірісі 3,4 млн тонна болды, алдыңғы жылға қарағанда бұл 2,6%-ға артық.
Ұн өндірісі көлемінің едәуір бөлігі, яғни 92,8%-ы (1,7 млн тонна) бидай ұнына тиесілі, бұл 2020 жылға қарағанда 3,3%-ға аздау.
Ұнға сұранысты (ішкі нарық пен экспорт) жергілікті компаниялар толықтай қанағаттандырып отыр деуге болады, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстанға небәрі 7 мың тонна ұн (былтырға қарағанда 7,6%-ға көп) импортталған.
Қазақстандық нарықта биылғы тамызда 1-сортты бидай ұны келісінің бөлшек саудадағы орташа бағасы 183 теңгені, ал жоғары сорттысы 253 теңгені құрады.
Ірі қалалар арасында 1-сортты бидай ұны Ақтау (келісі 256 тг), Нұр-Сұлтан (келісі 237 тг) және Алматыда (келісі 236 кг) қымбат болып шықты; ең арзан баға Ақтөбеде (келісі 128 тг) тіркелген.
Жоғары сортты ұн Нұр-Сұлтан (келісі 327 тг), Атырау (келісі 327 тг) және Алматыда (келісі 287 тг) қымбат; ең арзан баға – Павлодарда (келісі 180 тг).
Жылдық динамикада ұн бағасы 11,1%-ға өсті. Мұны бәрінен бұрын Жамбыл (23,4%-ға қымбаттады), Солтүстік Қазақстан (21,3%-ға қымбаттады) облысы тұрғындары мен алматылықтар (17,3%-ға қымбаттады) қаттырақ сезді.
16 қыркүйек 2021 ж. 1 209 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930