Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 айда теміржолмен 105 млн тонна жүк тасымалданған

5 айда теміржолмен 105 млн тонна жүк тасымалданған

2021 жылғы мамырда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ желісінде жалпы жүк тиелімі 21,8 млн тонна болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық. Атап айтсақ, 8,1 млн тонна көмір жіберілді. 2020 жылғы мамырмен салыстырғанда көрсеткіш 5%-ға өсті. 744 мың тонна астық тасымалданды, өткен жылмен салыстырғанда өсім – 17%. «Мамырда мұнай өнімдерін тасымалдау 3%-ға (1,3 млн тоннаға дейін), темір кенін тасымалдау 25%-ға (2,5 млн тонна) өсті. 2 млн тонна түсті металл, 458 мың тонна қара металл, 326 мың тонна химиялық және минералды тыңайтқыштар, 1,6 млн тонна құрылыс материалдары тиелді», - деп жазылған ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 2021 жылғы 5 айда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ желісі бойынша 104,7 млн тонна жүк тиелген, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өңдеу 3,6%-ға өскен. Оның ішінде республика бойынша 67,3 млн тонна жүк тасымалданды (бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1% артық). Экспорт 6,4%-ға өсіп, 37,4 млн тонна болды. «Биыл қаңтар-мамырда 43,7 млн тонна көмір тасымалданды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім – 3,3%. Стратегиялық жүктің басым бөлігі шамамен 32 млн тоннаға жуығы (бұл өткен жылғы деңгейден 11%-ға жоғары) қазақстандық тұтынушыларға жеткізілді. 3,9 млн тонна астық тиеліп жіберілді, өткен жылмен салыстырғанда өсім – 10,2%», - деп жазылған хабарламада.


16 маусым 2021 ж. 560 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 29

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 64

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 105

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 57

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 56

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031