Шай бағасы қымбаттаған өңірлер аталды
Қазақтың сүйікті сусыны - шай бір жылда - 12%-ға, ал кофе - 5%-ға қымбаттаған.
2021 жылдың қаңтар-маусым айларында елге қайта өңделген шай мен кофенің 9,3 мың тоннасы жеткізілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 7,2%-ға көп.
Өңірлер бөлінісінде ең көп өнім Алматыда шығарылған екен: 61,1% немесе 5,7 мың тонна, бір жылда минус 13,9%.
Үздік үштікке Шымкент (2,4 мың тонна) пен Қызылорда облысы (649 тонна) да еніп отыр.
Отандық компаниялар соңғы бес айдың қорытындысы бойынша шай мен кофеге деген сұранысты 30,1%-ға қамтыды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 29,1% маңайында болған.
Импорттың үлесі 69,9%-ды құрады. Елімізге 18,4 мың тонна шай мен кофе тасымалданды - 2020 жылдың қаңтар-мамыр айымен салыстырғанда 6,9%-ға көп.
Жалпы ішкі нарықта 23,3 мың тонна шай мен кофе сатылды. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ, бұл 15,7%-ға көп.
Импорттың үлесі 69,9%-ды құрады. Елімізге 18,4 мың тонна шай мен кофе тасымалданды - 2020 жылдың қаңтар-мамыр айымен салыстырғанда 6,9%-ға көп.
Жалпы ішкі нарықта 23,3 мың тонна шай мен кофе сатылды. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ, бұл 15,7%-ға көп.
Жыл басынан бері елімізге 50,2 млн АҚШ долларын құрайтын 14 мың тонна шай импортталды. Натуралды мәнде импорт өсімі - 12,2%-ды, ақшалай мәнде - 13,3%-ды құрады.
ТМД елдерінен Қазақстанға 8,8 млн АҚШ долларын құрайтын 1,5 мың тонна шай жеткізілді. Мұнда негізгі импорт Ресейге тиесілі - 1,4 мың тонна.
Ал ТМД құрамына кірмейтін мемлекеттерден елімізге 41,4 млн АҚШ долларын құрайтын 12,6 мың тоннай шай импортталды. Негізгі жеткізушілердің бірі - Кения (6,2 мың тонна) мен Үндістан (4,7 мың тонна) болды.
2021 жылдың шілдесінде қара байха шайы дүкендер мен базарларда келісіне 3,7 мың теңгеден сатылды. Ірі қалаларды есепке алар болсақ, ең қымбат шай Қарағандыда (келісі 4 мың), Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте (келісі 3,9 мың теңге) тіркелген. Ал салыстырмалы түрде ең арзан шайды Қызылордада (келісі 3,4 мың теңге) сатып алуға болады екен.
Шайдың жылдық өсімі 11,7%. Шайдың айтарлықтай қымбаттауы БҚО-да (+22,4%), Алматы облысында (+21,8%) және Шымкентте (+14,8%) сезілген.
Бұл ретте кофе құны бір жылда 4,7%-ға қымбаттаған.