Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелдік көліктерге шешім бар ма?

Шетелдік көліктерге шешім бар ма?

Көптен бері ел азаматтарын алаңдатып, шешімін күткен жай туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қазақстанның заңнамасына сай келмейтін шетелдік көліктердің енді кірмейтінін шегендеп тапсырды.

Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, қазақстандық азаматтар көршілес Ресей мен Қырғызстаннан бұған дейін сенімхат арқылы көліктерді сатып алып келген. Ол көліктер біздің елде есепке тіркемеген. Нәтижесінде Қазақстанның заңнамасын бұза отырып, техникалық құжаттарды ресімдейді. Қазір мұндай көліктер саны артып кеткен. Осы себепті, Бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беруді тапсырылмақ.

Мемлекет басшысы Үкіметке бір айдың ішінде Қазақстан азаматтарының ЕАЭО елдерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген көліктерін тіркетуді тапсырды.

«Бұл көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Мұндай көліктер техникалық регламенттің талаптарына сай болуы керек. Сондай-ақ, тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. Уақытша тіркеу бір қолдан екінші қолға сатылып барып, жасалмауы тиіс. 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендік баж бен утилизациялық соманы төлеуі тиіс. Болмаса ол көлікті елден шығаруы немесе заңнамамен тыйым салынбайтын басқа да амалмен мәселесін реттеуі қажет. Үкіметке Қазақстанның заңнамасына қайшы келетін көліктерді бұдан ары кіргізбеуді және пайдалануға шектеу қою шараларын қолға алуды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
25 қаңтар 2020 ж. 1 290 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 128

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 124

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930