Президенті жоқ мемлекет
Швейцария – Германия, Италия, Франция, Австрия сынды дамыған еуропалық елдермен шекаралас жатқан, Альпі тауларының нақ жүрегіндегі кішігірім мемлекет. Швейцария сөзін естігенде, әлемдегі ең дәлме-дәл сағаттар, дәмі тіл үйіретін тағамдар, озық мейрамхана дәстүрі еске түсетіні рас. Бірақ мемлекеттің бар байлығы бұл ғана емес. Бар болғаны өміріңізде бір рет қана көз тартар әдемілігіне куә болып, шегі жоқ өзендерін тамашалап, Альпі тауларының мақпалдай самалын сезініп, сарқырамаларды, қазіргі сәтке дейін сақталған ортағасырлық қалаларын араласаңыз, жадыңыздың төрінен ұзақ орын алары сөзсіз.
Мемлекетте астана мен президенттің жоқтығы жалған емес. Есесіне, онда 4 мемлекет бар. Яғни неміс, француз, итальян және романш тілдері белсенді қолданысқа ие. Президент жоқ болса да, референдумның көмегі арқылы ел азаматтары кез-келген қабылданған заңнан бас тарта алады. Швейцарияның бүкіл тарихында ұлтаралық қақтығыстар да болмаған.
Шетелдіктер үшін елдің нышаны – ірімшік пен шоколад. «Nestlе» фабрикасына саяхаттаудан кім бас тарта алады? Дамыған елдер таңдай қағатын классикалық ірімшіктің отаны Грюйерге жолыңыз түсе қалса, оның қалай дайындалатынына куә бола аласыз.
Шоколад – елдегі ең ірі экспорт тауары. Әр жыл сайын Бернде 7 миллион тонна «Tablerone» тәттісі өндіріледі. Жақында ғана оның 4 түрі ойлап табылды. Швейцариялық Valcambi фирмасы қатты шоколад формасындағы «CombiBar» құймаларын шығарады. Мұны оп-оңай 1 граммға дейін бөліп, сыйлық ретінде немесе төлем құралы ретінде қолдануға болады.
Елдің басты мақтанышы – көз тартар тамаша көлдері. Олардың саны 600-ге жуық, ең үлкендері – Женева, Воден, Фирвальдштет, Цюрих, Невшатель. Көл терең әрі мөлдір болғандықтан, олардың түсі көк болып келеді. Ірі көлдер туристердің таңданарлық орны ғана емес, сонымен қатар кеме қатынасы, жануарлар үшін де маңызды нысан екенін ескеру керек.
Жекелеген қалалардың әрқайсысы мемлекеттің қазынасы іспетті. Бүгінде Женева қаласында 180 мың адам тұрады. Ол машина, сағат заводтары («Ролекс», «Филипп Потен» фирмалары), дәл өлшейтін аппарат өндірісімен танымал. Сонымен қатар Цюрих пен Базельден кейінгі қаржы орталығы болып табылады. Мұндағы халықтың 1/5 бөлігі Швейцария азаматтары емес. Университет студенттерінің жартысы – шетелдіктер.
Қала мұражайларға өте бай. «Қызыл Крест» және «Қызыл Жарты ай» халықаралық мұражайы, сағат, көркемөнер мұражайы, табиғи-тарихи, Ариана (фарфор мен хрустальдан жасалған бұйымдар), университеттік – Руссо мен Реформация мұражайлары, қазіргі заман талабына сай жаңа әрі сирек кездесетін халықаралық автомобиль және 1939 жылға дейін шығарылған әртүрлі транспорт құралдары бар Жан Тюаның автомобиль мұражайы бар.
Женева көлінің жағалауында Монтрё қаласы орналасқан. Қала өзінің жабық дербес мектептері, сұлулық институты, джаз бен классикалық музыка, “Алтын раушан” күлкі фестивалімен әлемге танымал. Монтрёде атақты жазушылар мен музыканттар тұрған. Жағалауындағы шағын аралдарда ортағасырлық үңгірлер бар, оларда серілер, әділет соты залдары, герцог жататын бөлме мен кішкентай ғана ағаш шіркеуі бар Шильон бекінісі орналасқан.
Біздің заманымызға дейінгі 46 жылдары Юлий Цезарьдің басшылығымен гельвет тайпалары мекендеген Женева мен Лозаннаның арасында Ньон қаласы құрылды. Қаланың қаржы орталығы әрі Европаның ең әйгілі сауда көшелерінің бірі – Банхофштрассе. Мұнда Швейцария мен дүниежүзінің ең ірі “Гномен фон Цюрих” банктік бөлімшесі шоғырланған. Көшеге парад алаңы жанасып тұр, онда “Швейцариялық несие” банктің (1838 ж.) салтанатты ғимараты мен “Шпрюнгли” әйгілі кондитер фабрикасы бой көтерген. Сонымен қатар қалада ортағасырлық ғимараттар жақсы сақталған.
Кез келген әскери қақтығыстарда бейтарап пікір ұстанғандықтан, көбісі Щвейцарияны пацифистер мекені деп санайды. Бірақ ерлер үшін әскери қызмет 18 жастан бастап міндеттелген. Сондықтан әрбір адамға үйінде қару ұстауға рұқсат берілген. Оны кез келген сәтте қолдана алады. Статистика бойынша 8 миллион халықтың 4 миллионында қару тіркелген. Соған қарамастан, елде қылмыс өте төмен.
Мемлекеттегі жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері әлем бойынша ең көп айыппұл ретінде тіркелді. Жергілікті жүргізуші 290 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Оның бұл ісіне 650 мың евро салынған. Бұл жақта айыппұл көлемі кінәлінің жалақысына байланысты, яғни көп табыс тапсаңыз, соғұрлым көп төлейсіз.
Швейцария тұрғындарына заң бойынша бір түйір болса да теңіз тышқанын ұстауға рұқсат жоқ. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, бұл жануар жалғыздықта өздерін жайсыз сезінетіндіктен бір жануар өліп қалса, иесі аңдардың жұбын сатып алуға міндетті. Бұнда оларды жалға алу сервисі де құрылған. Яғни оларды қалаған кезіңізде алып, кез келген жерде жарты ақшасына сатып жібере аласыз.
Дина БӨКЕБАЙ