Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Терек ағашының қасиеті

Терек ағашының қасиеті

Терек таулы жерде өсетін көктеректен (осина) таралған. Іле Алатауының ылғалды бөктерінде, қар көп тоқтап қалатын жерлерде өседі. Оның түрі көп, гибридті түрлері де жеткілікті.

Суарылуы жақсы болса, бір жылда 2-3 метр­ге дейін көтеріледі. Бәрі күтімге байланысты. Қарағай мен еменнің жүз жылдағы өнімін терек 13 жыл ішінде береді. 50-60 жылға дейін өсе береді, сосын ғана өсімі азаяды. Жағдайы келіссе 120-150 жылға дейін өмір сүреді. Терек – өте әдемі, тік өседі. Ағаш өсіргісі келгендердің көпшілігі оны мамық шашады деп егуден қашқақтайды. Сол үшін асықпай қарап жүріп, мамық шашпайтын аталық терек тұқымын алу керек.
Теректі егіп, өсіру үшін көп қаражат керек емес. Шыбықтарын күз соңында немесе ақпан айында кесіп алыңыз. Тереңдігі бір жарым метрдей ұраға елу-елуден байлап, үстіне сабан салып, көміп тастаңыз. Сәуір айының 27-29-ы аралығында аршып алып, 20-25 сантиметрден қаламшалап кесіп, жерге қисығынан қадау керек, шамамен 45 градустай, көлбеу егілгені жөн. Мұның себебі – көлбеу отырғызылған шыбықтың буындары жерге тиіп тұрады да, ағаш осыдан өсіп шығады. Негізі өскін жерден нәр алып тұрса тез тамырланады. Біз көбінесе шыбықтарды тік тұрғызып, астына топырақ үйіп, болды-бітті жасай саламыз. Құлап немесе тамыр жая алмай қалатын себебі дұрыс екпегенімізден. Көлбеу егілсе де, бұтақтар шыбықтың буынынан тік өседі. Бірінші жылы барлық бұтағына тиіспеу керек. Екінші жылы ең төменгі бөлігіндегі жерге тақау өскен бұтағын ғана қалдырамыз. Ал жоғарғы бөлігіндегі бұтақты осы кезде қырқып тастаған дұрыс.
Терек – өте өсімтал ағаш. Бір грамм ұрығынан мың көшет өнеді. Шөп сияқты қылтиып шығатын болғандықтан, мал жеп қояды. Теректі еккен кезде пленка төсеп, астынан су жіберетін арықтар даярлау қажет. Егер жасыл аймақ жасау керек болса, көктеп шыққаннан кейін сирек суарып, бойын өсірмеген жөн және келесі жылы көктем айында бірден көшеттеледі. Ал қаланы көгалдандыруға пайдаланатын болсақ, жиі суарып, бір немесе екі жылдық көшетті үлкендеу етіп әкеліп тіккен тиімді. Теректің тағы бір қызығы – көшеттерін қазып алып кетсеңіз де, тамыры қалып қойған жағдайда қайта өсіп шығады.
Теректер бас-аяғы алты жыл ішінде 12 метрге дейін бой алады. Адам денсаулығына ең пайдалы ағаш – осы терек. Түрлі иістерді, көміртегін бойына сіңіріп алады. Бір ағаш 3 тоннаға дейін су ұстап тұрады. Осылайша, олар жер қойнауындағы судың тартылып кетпеуіне қызмет етеді.
М.ВАЛИЕВА,
«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК
Оңтүстік-батыс аймақ филиалы директорының міндетін атқарушы
21 желтоқсан 2019 ж. 7 299 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930