Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағбандар берекесі

Бағбандар берекесі

Бозкөл – Қазалы ауданындағы шағын ауыл, ауылдық округ орталығы. Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде Сырдария мен оның тармағы Қуаңдарияның аралығында орналасқан. Жері саздақты боз топырақ аралас. Мұнда қарағаш, қайыртал, терек, жиде жақсы өседі. Кезінде «Бозкөл» қаракөл қой кеңшары атанып, күріш егіп, нағыз тіршілік көзі қайнаған орын еді. Совхоз иелігінде барлық қажетті техникалар да болған. Қазір олардың бірде бірі жоқ. Ол шақ келмеске кетсе де, халық абдырып қалмай қолдан келген шаруасын жүргізіп отыр.
Сондай істердің бірі – бақшалық жерге күтім жасауда ауыл тұрғындары ерекше ыждағаттылықпен көңіл бөледі. Соның арқасында «Бозкөл» кооперативі жанынан топтастырылған жеке бақша иелері осы күні өз еңбегінің жемісін көруде. Кооперативке жетекшілік еткен Бейбіт Әбдіғаппаров нағыз істің адамы екенін көрсете білді.
Бейбіттің пайымынша, қазіргідей мобильді уақытта жалқауланбай шамаң келетін шаруаны қолға алған дұрыс. Бүгінде ол Қ.Ерімбет атындағы №96 мектепте балаларға денешынықтыру пәнінен дәріс береді. Тұрақты жұмысы бар болса да, ала жаздай тынбастан қарамағындағылардың жұмыс барысын бақылады. Өзі де 4 гектар жерге асқабақ, қызылша, картоп, қауын мен қарбыз және қырыққабат екті. Еңбекқор бағбан белі бүгіліп өсірген өнімінің алғашқы легін Ресейдің Қазақстанға жақын қалаларына экспорттаған. Ал қалған дақылдарды аудан орталығына өткізбекші. Артылған азықты сақтап, отбасында асқатық қылмақ.
Кооператив мүшелері: Н.Жәленов, Қ.Нұрадинов, Д.Бұланбаев, Н.Тәшпенов, М.Жамашов, Б.Әбілхайыров, У.Жұбатқанов, С.Иманалиев, Қ.Жәниевтер де жаз бойы күн ыстығы мен су тапшылығына қарамастан мол өнім алды.
«Биыл бақшаны күтіп-баптауда су мәселесі біраз әбігерге түсірді. Негізінен суды «Қанды арық» ауылы маңындағы «Дөненбай» каналынан тарттық. Алғашқы өнімдерді экспорттадық. Аудан орталығына өткіздік. Тапқан қаражатқа балаларға оқу-құралдары мен киімдерін алдық. Азын-аулақ болса да, қанағат етерлік тиын-тебен құралды. Табиғи қоспасыз таза сәбіз, қияр, қызанақ дақылдарын тұтынушылар қуана молынан алды. Бұйырса, жақында картоп аударылады», – дейді кооператив мүшелері.
Әрине, егіншілікпен айналысу оңай шаруа емес. Диқаншылар ала жаздай кетпен, күректерін сайлап, бақша басына қатынады. Жерді қопсытып, артық арам шөптерден тазартты. Еккен егіндерінің жан-жағына сым тартып, төрт түлік кірместей етіп қоршады. Қанша тер төгіп еңбектенген соң көздерінің қарашығындай қорыса да далалық болғандықтан дайын асқа қызғыштай тиетін зиянкестер көп. Сондықтан дәусемен, борсық, қабан мен қарғаларды үркіту мақсатында адамның сұлбасына ұқсайтын бақша қарақшысын қойды. Соның арқасында бұл күні бағбандар бейнеттерінің берекесін көріп отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА



21 қыркүйек 2018 ж. 2 183 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930