Анар қасиеті
Анар - көпжылдық жеміс ағашы. Жерорта теңізі, Орталық Азия, Кавказ, Қырым аймақтарында өсетін ежелгі жеміс. Жеміс ағашының бойы 5-6 метрге дейін барады. 80 жылға дейін, кейде одан да көп өмір сүреді, 3-4 жастан кейін жеміс береді. Жемісін жерге түсірмей тұрып алады. Сəуір айында гүлдеп, күзде жемісін береді.
Анар қабығының ерекше қасиеті мен пайдалы жақтарын назарларыңызға ұсынамыз. Анар қабығының құрамындағы эллаг қышқылы антиоксидант, антимутаген және қатерлі ісікке қарсы ерекшеліктерге ие. Зерттеулер омырау, өңеш, тері, ішек, простат және ұйқы безі қатерлі ісіктеріне қарсы әсері бар екендігін көрсеткен.
Эллаг қышқылы қатерлі ісікке себеп болатын молекулаларға байланып оларды маңызды өлшемде залалсыздандырады. Көлеңкеде немесе 40-50 градустан аспайтын жерде кептіріп, ұсақталған анар қабықтарын салқын жерде сақтау қажет.
Кейін 100 грамм қайнаған суға 2 гр анар қабығын салып, шамамен 10 мин қайнатып күнде шай ретінде тұтыну қажет. Осылай қатерлі ісіктен бастап, жүрек және қант диабеті аурулары секілді біршама аурулардан қорғанған боласыз. Жалпылама барлық жемістерде болатынындай анардың да ең құнды жері - қабығы. Сондықтан анар қабығын тастамай пайдалы тұрғыдан тұтынған жөн.