Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде мүгедектік және асыраушысынан айырылғандығына байланысты 260 млрд теңгеден астам көлемде жәрдемақы төленген, деп жазады inbusiness.kz....
Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің құжатын электронды түрде ұсыну мерзімі 2021 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады, деп жазады Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап....
2021 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 206,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 54,3 млрд теңге бағытталды....
Елде көкөніс маусымы қызып тұрса да, кейбір өнім түрі жылдағыдан қымбат. Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, әсіресе қырыққабат пен пияздың бағасы өскен. Азаматтардың аққа да аузы жетпейтін сыңайы бар. Бір жыл ішінде сүттің де құны 9 жарым процентке шарықтап шыға келді....
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан қаза болғандар 17 адамға жетті. Сенбі, 11 қыркүйекте төтенше жағдай министрлігі жарылыстан жарақаттанып, ауруханаға түскен бір өрт сөндірушінің көз жұмғанын хабарлады....
Коронавирус жұқтыру бойынша Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында көрсеткіш өзге өңірлермен салыстырғанда төмен. Қазақстанда өткен тәулікте 3088 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Caravan.kz меди порталы...