Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде көкөністің кей түрі қымбаттады

Елде көкөністің кей түрі қымбаттады

Елде көкөніс маусымы қызып тұрса да, кейбір өнім түрі жылдағыдан қымбат. Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, әсіресе қырыққабат пен пияздың бағасы өскен. Азаматтардың аққа да аузы жетпейтін сыңайы бар. Бір жыл ішінде сүттің де құны 9 жарым процентке шарықтап шыға келді.
Маусымның қызған шағына қарамастан елде көкөністің кей түрі қымбаттады. Әсіресе қырыққабаттың бағасы алғашқы апталарда-ақ 0,2 процентке өскен. Қазір ең арзан қырыққабат Алматыда. Келісі 82 теңгеден сатылып жатыр. Таразда 95, Талдықорғанда 99 теңгеден. Ал Ақтауда көкөністің бұл түрі өзге өңірлермен салыстырғанда едәуір қымбат. 183 теңге. Атырау мен Жезқазғанда баға 140 теңгеден асады. Сондай-ақ пияздың құны да құбылып тұр. Мәселен, Жезқазғанда оның келісі 129 теңгеден болса, Атырау мен Ақтауда 126 және 125 теңге тұрады. Ең арзан пияз Таразда. Мұнда келісі  91 теңгеден саудаланып жатыр.  Түркістанда 95, Алматыда 99 теңге шамасында. Аталған өнім түрлері әлеуметтік маңызы бар азық түлік санатына кіреді. Жыл басынан бері олар 9,7 процентке қымбаттаған. Қымбатшылық әсіресе Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Ақтөбе және Көкшетауда қатты сезіледі.
ДӘРІ-ДӘРМЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Дәрі-дәрмек нарығында бағаға келер болсақ, ең қажет деген медициналық маскалар жыл басынан бері 14 процентке, парацетамол 12 процентке арзандаған. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. Дегенмен кейбір дәрі-дәрмек түрлері мен бұйымдардың құны өскені байқалады. Мәселен, стерильді бинттің бағасы кейінгі айларда бір жарым процентке көтерілген. Сонымен қатар, этил спирті 0,7 процентке қымбаттап, 142 теңгеге жетсе, йод ерітіндісінің бағасы бір процентке өсіп,  91 теңге болды.
АҚТЫҢ ДА БАҒАСЫ АСПАНДАДЫ
  Сондай-ақ ақтың бағасы да аспандады. Енерги-ком сайтының мәліметіне сүйенсек, биыл сүт 9 жарым процентке қымбаттаған. Бұл кейінгі үш жылда болмаған жағдай. Ағарғанның құны әсіресе Өскемен және Қарағандыда айтарлықтай көтерілген. Жалпы қазір дүкен сөрелерінде пастерленген сүт 254 теңгеден сауданалап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша  6 айда   отандық өнім өндірушілер  ішкі сұраныстың 96 процентін өтеген. Дегенмен биыл сүтті тұтыну көрсеткіші жылдағыдан аз.  Әр қазақстандық ішкен сүттің мөлшері 4 литрге де жетпейді.
КРИПТОВАЛЮТА ҚҰЛДЫРАДЫ 
Биткоин апта ішінде 10 процентке арзандап кетті. Әлемдегі бірінші криптовалюта қазір 45 мың жарым доллардан саудаланып жатыр. Бұған Сальвадорда биткоинның ресми төлем құралы ретінде танылуы себеп, дейді мамандар. Билік бұл қадамға  халықтың 70 проценті қарсы болса да барды. Тіпті елдің әр жерінде наразылық шерулері өтті. Соған қарамастан үкімет жаңа жүйені айналымға енгізу үшін 550 биткоин сатып алған. Сальвадордағы жағдай елес ақшаның енді бір түріне оң әсер етті. Мәселен, Са-лана санаулы күн ішінде 30 процентке қымбаттап шыға келді. Қазір компанияның нарықтағы құны 54 млрд долларға жеткен. Осылайша, апта қорытындысына сай Салана әлемдегі ең қымбат 6-шы криптовалюта атанды.
13 қыркүйек 2021 ж. 712 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930