Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 528,6 мың адамға мүгедектігіне байланысты жәрдемақы төленеді

528,6 мың адамға мүгедектігіне байланысты жәрдемақы төленеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жыл басынан бері елімізде мүгедектік және асыраушысынан айырылғандығына байланысты 260 млрд теңгеден астам көлемде жәрдемақы төленген, деп жазады inbusiness.kz.
  «2021 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 206,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 54,3 млрд теңге бағытталды. 2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 26,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 6,5 млрд теңге жұмсалды», – дейді министрліктен. Сонымен, елімізде 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты 528,6 мың адам, асыраушысынан айырылғандығына байланысты 160 мың адам жәрдемақы алады екен. «1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 375 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 543 теңгені құрады», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
13 қыркүйек 2021 ж. 816 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 37

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 29

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31