Бақ-бақ – " күн мен айдың баласы"
Бақ-бақ гүлінің тарихы Есте жоқ ерте замандарда төрткүл дүниенің бір бұрышында кішкентай ғана бір ауыл болыпты. Өзен жағасында орналасқан осы ауылдың шетінде жалғыз ғана үйшік болған деседі. Үйшіктің иесі – сүп-сүйкімді қыз еді. Қыздың негізгі кәсібі – ешкі бағып, соның сүтін сату. Бұрымды қыз күн сайын...