Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан қайтару үшін қанша қаражат жұмсалды

Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан қайтару үшін қанша қаражат жұмсалды

Фото: Shutterstock
Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты қазақстандықтарды елге қайтару операциясына қанша қаражат жұмсалды. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бұл сұраққа жауап бермеді, тек қаржы есептеліп жатқанын ғана айтты деп жазады Kursiv Media.

Ластаевтың сөзінше, эвакуациялау кезінде қаржылық шығындарға емес, азаматтардың қауіпсіздігі мен оларды қауіпті аймақтан жедел шығаруға басты назар аударылған

«Сол сәтте ешкім шығын көлемі немесе бағасы туралы ойлаған жоқ, негізгі міндет адамдарды аман-есен жеткізу болды. Әуе компаниялар жедел іске кірісті. Оның барлығы (эвакуация – ред) қанша болады деп есептейтін мақсат болған жоқ. Азаматтарды алып шығу керек деген міндет болды, барлығымыз соған жұмыс істедік», – деп түсіндірді ол.

Вице-министр әуекомпаниялар мен жауапты органдар атқарылған жұмыстың құнын есептеп жатқанын айтып, барлығы толық аяқталған соң нақты цифрлар жариялауға уәде берді.

СІМ өкілі қазақстандық және шетелдік әуекомпанияларға, сондай-ақ әуежай қызметкерлеріне қиын кезеңде көрсеткен жеделдігі мен кәсібилігі үшін де алғыс білдіріп өтті.

«Ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, отандық және шетелдік әуекомпанияларға, әуежай қызметкерлеріне, азаматтарымыз бен жолаушыларымызды шығаруға қатысқан барлық жандарға шынайы ризашылығымды, алғысымды білдіргім келеді. Барлығы жұмыла жұмыс істеп, өте көп адам эвакуацияланды», – деді вице-министр.

Таяу Шығысқа ұшып жатқан компаниялар бар ма?
Ластаевтың сөзінше, аймақтағы тұрақсыздыққа байланысты қазақстандық әуе компаниялары Таяу Шығыс бағытындағы рейстерді уақытша тоқтатты. Қазір Катар мен Сауд Арабиясына ұшатын рейстер де тоқтап тұр. Кейбір шетелдік тасымалдаушылар, атап айтқанда FlyDubai, ұшуды жалғастырған. Бірақ әуе кеңістігі әлі де тыныш емес болғандықтан Дубай әуежайының өзі жұмысын жиі тоқтатуға мәжбүр.

СІМ өкілі ұшу қауіпсіздігі мен аймақтағы жалпы жағдай министрлікпен бірлесе отырып күнделікті сараланып отыратынын, алдағы шешімдер тек қауіп-қатерді бағалағаннан кейін ғана қабылданатынын атап өтті.

Осыған дейін Air Astana наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшпайтынын хабарлаған еді.
19 наурыз 2026 ж. 73 0

Наурызнама: Жаңару күні

19 наурыз 2026 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031