+25°С: Наурыз мерекесінде күн жылы болады
Ал Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді.
Фото: depositphotos
Фото: depositphotos"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, кей күндері Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік жартысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді. Ал еліміздің оңтүстігінде күндіз найзағай ойнайды деп күтілуде.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады. Ал қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлады синоптиктер.
Ауа температурасы күндіз Қазақстанның батысында 12-17 градусқа дейін, Маңғыстау облысында 18-23 градусқа дейін, республиканың солтүстігі мен орталығында 3-8 градусқа дейін, Ұлытау облысында 15-20 градусқа дейін жылынады.
Еліміздің шығысында 5-15 градусқа дейін, оңтүстігінде 20-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығысында 15-23 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.
Сондай-ақ, синоптиктер наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжамын жариялады.










