Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтаймын!
Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін орны ерекше. Биылғы Ораза айттың Наурызнама онкүндігімен сәйкес келіп, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында тойлануы оның мән-маңызын арттыра түсті.

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі», – деп атап өтті.

Ұлық мерекеде жасалатын игі амалдар жұртшылықты ізгілікке үндейді, жақсы істерге жұмылдырады. Бұл халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады. Ораза айты бүгінде діни ғұрыптармен ғана емес, ұлттық дәстүрлерімізбен де біте қайнасып кеткен.

Қасиетті мерекедегі шынайы ниеттеріңіз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әр отбасына амандық, мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!
20 наурыз 2026 ж. 35 0

Наурызнама: Жаңару күні

19 наурыз 2026 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031