Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Білім мен өнерді ұштастырған өрендер

Білім мен өнерді ұштастырған өрендер

Жалаңтөс батыр ауылында кітапхана жанынан құрылған «Рауан» балалар шығармашылық клубы жұмыс істейді. Мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақытта ой-өрісін дамыту, білімдерін жан-жақты толықтыра түсуіне мүмкіндік жасау. Ұлтқа тән рухани құндылықты насихаттап, ерте жастан шәкірт бойына сіңіру де басты міндеттің бірі болып отыр.
Бала бойындағы қабілетті шыңдап, өнер, білімге баулитын клуб мүшелерінің қатары уақыт өткен сайын артып келеді. Оқу-біліммен қатар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен жалпы адамзат қастерлейтін асыл қасиеттерді жас буынның бойына сіңіруде кітапхана қызметкерлері дамыл таппай еңбектенеді. Клуб мүшелері түрлі байқауларға қатысып, жүзден жүйрік атанып жүр. Мәселен, Қызылорда облысындағы ең үздік оқушылардың энциклопедиясы «Сыр үміттері» кітабына есімі енген №103 орта мектеп оқушылары Бекнұр Орысбай мен Динара Хайрулла клуб мүшелері. Бекнұр Әбілханқызы – «Ясауитану» халықаралық білім байқауының жеңімпазы. Химия, биология пәндерінен өткен сайыстарда да талай бағын сынады. Ол XI халықаралық «Ақкөгершін» балалар шығармашылығы фестивалінің дипломанты. Көркемсөз оқудың шебері Бекнұр «Соғады жүрек» атты М.Мақатаев атындағы республикалық ән және көркемсөз оқулары байқауында екінші орын иеленсе, Динара Серікқызы осы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Түрлі байқау мен пәндік олимпиада жүлдегері Динара кітапхананың тұрақты оқырманы. Сабақтан кейінгі бос уақытын кітап оқумен өткізетін белсенді оқушыдан ұстаздар зор үміт күтеді. Поэзияны нақышына келтіре айтып, тыңдаған құлақтың құрышын қандыратын өнерлі оқушының бірі – Рақымжан Бейбіт. Қоғамдық жұмыстардың басы-қасында жүретіндердің ішінде Нұрила Нәби де бар. Клуб мүшелері ән, би, көркемсөз оқумен қатар қолөнерге де машықтанады. Сурет салып, көрпе тігуді, тоқыма тоқуды да үйренеді. Фетр (кептірілген киіз) матадан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауды да меңгеруде.
«Клуб құрудағы мақсатымыз – әңгіме жазуға, өлең шығаруға деген талабы бар балалар мен жасөспірімдердің ынта-ықыласын оятып, талантын одан әрі шыңдауға көмектесу және оларды көпшілікке таныту. Алдағы уақытта өнерлі, шебер балалардың қолынан шыққан туындыларды жинақтап, көрме ұйымдастырмақпыз. Қазір сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасау, кесте тігу, тоқыма тоқу және қуыршақ, әр түрлі тұрмыстық заттарды жасауды үйретудеміз. Әрбір бала мүше болуына болады. Жыл соңында клуб мүшелерінің еңбектерін бағалап, Жалаңтөс ауылдық кітапханасы атынан марапаттаймыз», – дейді кітапхана меңгерушісі Шұғыла Абашова.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА,
фото: Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА
29 қыркүйек 2018 ж. 3 041 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930