Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде автонесие бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 22,9% өсті

Елімізде автонесие бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 22,9% өсті

Фото: Pixabay.com
2025 жылы Қазақстанда автонесие беру көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті. AutoReport мәліметінше, бұл – 2024 жылмен салыстырғанда 29,8 пайыз жоғары көрсеткіш. Алайда Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы нарықта біртіндеп қанығу белгілері байқалып отырғанын айтады.
Атап айтқанда, 2025 жылдың IV тоқсанында автонесие бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 22,9 пайызға дейін өсіп (III тоқсанда – 14,6%), ал несие беру көлемі 11,6 пайыз қысқарған.
Сарапшылар пікірінше, автонесиенің қарқынды өсуі бірнеше факторға байланысты. Оның ішінде төмен база әсері, автопаркті жаңартуға деген жоғары сұраныс, банктер мен автодилерлердің бірлескен бағдарламаларының белсенді ұсынылуы, өнім түрлерінің көбеюі, халық табысы мен жұмыспен қамтудың артуы бар. Сонымен қатар автодилерлердің маркетингтік акциялары аясында пайыздық мөлшерлеменің уақытша төмендеуі де сұранысты арттырған.
Осы кезеңде несие арқылы сатып алынған көліктердің үлесі де айтарлықтай өскен. Жыл бойы бұл көрсеткіш тіркелген автокөліктердің 53-80 пайызына дейін жеткен. Бұл автонесие нарықтағы негізгі қозғаушы күшке айналғанын көрсетеді. Сарапшылардың айтуынша, бүгінде автокөлік тек тұтыну заты ғана емес, табыс көзі ретінде де қарастырыла бастады.
Сонымен қатар өтінімдерді мақұлдау үлесінің төмен болуы банктердің әлі де сақ саясат ұстанатынын көрсетеді. Бұл өз кезегінде жүйеде артық тәуекелге жол бермейді.
Жылдың екінші жартысынан бастап нарықта баяулау белгілері байқала бастады. Бұған дейін төмендеген пайыздық мөлшерлемелер қайта өсіп, 14,6 пайыздан 22,9 пайызға дейін жетті. Бұл қаржыландыру құнының қымбаттауымен және маркетингтік бағдарламалардың аяқталуымен байланысты. Нәтижесінде жаңа несиелер беру қарқыны IV тоқсанда 11,6 пайыз төмендеген.
Қауымдастық мәліметінше, бұл жағдай нарықтың қарқынды өсім кезеңінен біртіндеп тұрақты әрі баяу даму кезеңіне өтіп жатқанын аңғартады, яғни кейінге қалдырылған сұраныс біршама қанағаттандырылып, реттеуші және ақша-несие шарттары күшейе бастаған.
Айта кетейік, Қазақстан автомобиль одағы дерегіне сәйкес, 2025 жылы елде жаңа импорттық және отандық өндірістегі көліктердің бағасы орта есеппен 5,4 пайыз өскен. Ал тек Қазақстанда шығарылған автокөліктер бойынша баға өсімі 1,9 пайызды құраған.
20 наурыз 2026 ж. 30 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031