Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Олар – аңыз

Олар – аңыз

1243 жылы Рим папасы ІV Иннокентий Перуджи қаласының белгілі отбасынан шыққан, рим шіркеуінде жоғары лауазымды қызмет атқаратын италиялық Плано Карпиниді діни өкілдерімен бірге түркі даласына жібереді. Олар моңғол, түркі халқын христиан дініне кіргізуге арналған арнайы тапсырма алады. Ұлан-ғайыр дала мен әр түрлі мемлекеттер арқылы жасалған саяхат екі жылдан аса уақытқа созылады. Плано Карпини Еділге дейін келіп, Батый ордасында болады. Одан әрі миссиялық топ Хорезм, Жетісу, Тарбағатай арқылы Орталық Моңғолияға өтіп, Күйік қағанның таққа отыруына байланысты маңызды оқиғаға еріксіз куә болады. Плано Карпини Рим папасының хатын тапсырып, Күйік ордасында 4 айдай тұрып, 1246 жылы 13 қарашада кейін қайтады. Тек жарты жылдан кейін ғана миссия Моңғолиядан Киевке келіп жетеді, ал 1247 жылы күзде Плано Карпини Лионда болады, бұл жерде ол ІV Иннокентий папаға Моңғолияның ханы Күйіктің жолдаған хатын жеткізіп, саясат туралы өздерінің толық есебін береді. Ол осы сапарында өзі «татарлар» деп атайтын империя халқы туралы тамаша деректер қалдырады.
Қасиеті туралы

Татарлар (моңғол және түркі рулары – С.Н.) өзінің әміршілеріне қатты бағынады, барлық әлемде өмір сүретін қандай адам болмасын не рухани, не ақсүйек, бәрі де оларды құрметтейді және олардың алдында орынсыз өтірік айтпайды. Олардың арасында сөз таластыру сирек болады немесе мүлде болмайды. Ол жерде қарақшылар және құнды заттарды ұрлаушылар кездеспейді; бұл жерде олардың Ордасы және өздерінің қымбат заттарын сақтайтын арбалары ысырмамен немесе құлыппен бекітілмейді. Егер қандай да бір мал жоғалса, онда оны тауып алады немесе жай ғана жібере салады немесе оны жоғалтқан адамға әкеп береді; малын жоғалтқан адам ешбір қиындықсыз оны іздеп тауып, қайтарып алады. Бірін-бірі әжептеуір құрметтейді және олардың бәрі өзара тату; олардың тамағы аз болса да, оны өзара шын көңілмен бөліседі. Олар аса төзімді келеді, сондықтан бір, екі күн ешбір нәр татпай жүрсе де шыдамсыздық танытпайды. Жақсы тамақ ішкендей ән салып жүре береді. Атқа мінген кезде қатты аязға да төзеді, кейде аптап ыстыққа да шыдайды. Бұл адамдар нәзік емес. Оларда өзара қызғаныш та жоқ, араларында тіпті ешқандай қатты ұрыс-керіс те жоқ, ешкім-ешкімнен күдіктенбейді, шамалары келгенше бір-біріне көмек беріп, қолдап отырады. Олардың әйелдері адал, арсыздық туралы мүлде естілмейді, алайда олардың кейбіреуі қалжыңдасқанда бірталай ұятқа сыймайтын сөздерді қолданады. Жанжалдасу сирек болады немесе ешқашан да болмайды, тіпті олар қатты мас болса да, өзінің мастығына қарамастан, сөз таластырмайды, төбелеске бармайды.

Салты туралы

Еркектер аңға шығады және оқ атып жаттығады, не олардың бәрі кішісінен үлкеніне дейін жақсы атқыш болып келеді балалары екі немесе үш жасынан бастап атқа міне бастайды. Олар жасынан садақ атуды үйренеді, өте епті әрі батыл келеді.
Қыздар мен әйелдері де атқа мініп, еркектер секілді еркін шабады. Біз олардың қорамсақ пен садақты қалай асынып жүргеніне талай куә болдық...
Олардың әйелдері бәрін істейді: шолақ тон, кебіс, етік және бұлардың бәрі теріден жасалады. Сонымен бірге олар арба айдайды және жөндейді. Өздерінің істеріне өте епті және жылдам.

Шайқас кезіндегі
амал-айласы туралы

Өзінде киіз, ат және қарудан басқа ешнәрсесі жоқ адамдар соғысқа барғысы келсе, әуелі алғы шептегі топқа қосылады. Олар ешнәрсе ұрламайды, үйлерді өртемейді, аңдарды өлтірмейді, тек қана адамдарды жаралап өлтіреді, тіпті болмаса оларды қашуға мәжбүр етеді; бірақ олар адамдарды қашуға мәжбүр етуден гөрі, өлтіруді жөн көрген. Олардың соңынан әскер еріп жүреді, олар іліккеннің бәрін жинап алып оты­рады; жолында кездес­кен адамдарды тұтқынға алады немесе өлтіреді. Әскер басылары бұдан соң жаршыларды аттандырады, олар адамдар мен бекіністерді табуы керек және олар із кесуге өте шебер...
Алыстан жау көрсе оларға жақын­дап, үш немесе төрт оқтан атады. Жеңе алмайтынын білсе, кейін шегінеді, мұны олар жауын алдау үшін жасайды. Егер жау соңдарынан торуылға дейін келсе, оларды қоршап алып жаралайды және өлтіреді. Егер олар қарсыластарының әскерінің көп екендігін байқап қалса, онда бір немесе екі күн ілгері кетіп, басқа жағынан келіп, шабуыл жасайды. Оларды тонайды, адамдарды өлтіріп, жерін ойрандайды. Ал егер бұлай жасай алмайтындарын білсе, онда он немесе он екі күндік жолмен кейін қарай шегінеді. Кейде олар жау әскері тарағанша, қауіпсіз жерге жасырына тұрады да, артынша барлық жерді ойрандап кетеді. Олар соғыста өте айлалы, себебі басқа халықтармен қырық жыл және одан да көп уақыт бойы соғысып келеді.
Олар соғысқа кірмес бұрын барлық әскер сапқа тұрады. Жетекшілері немесе әскер басылары ұрысқа кірмей, жау әскерлерінен алыс тұрып бақылайды. Жандарында атқа мінген ересек балалары, әйелдері және аттары болады...
Дайындаған
Сәрсенқұл НАЗАР

29 қыркүйек 2018 ж. 1 477 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930