Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » Астанаға – 20 жыл !

Астанаға – 20 жыл !

Биылғы жылы еліміздің жан-жүрегі, арман қала, ару қала Астанамыздың 20 жылдығын атап өтпекпіз. Бұл шын мәнінде ұлы той. Қазір Астана төрткүл әлемге танымал шаһарға айналды. Ел ішіндегіні айтпағанда маңызды халықаралық басқосулар Астанамызда өтіп жүр. Осыған орай, аудандық орталық кітапханада «Астана – тұғырым, Елбасы – тірегім» атты тақырыпта тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені аудандық орталық кітапхананың оқырмандарғы қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Зоя Мұстафаева таныстырды. «Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Астанада тоқсан үш күнге созылған халықаралық мамандандырылған ЭКСПО 2017 көрмесі ұймдастырылды, Елордада өткен ЭКСПО-2017 көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымының жоғары лауазымды қонақтары арнайы келді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатқан айрықша жетістіктердің бірі болды. Бұл көрме Қазақстанның әлемге танылуы мен туристер үшін танымдылығын арттырды. Осы орайда, Елбасымыз «Дүниежүзі көз тіккен ЭКСПО беделімізді биіктетті, абыройымызды асқақтатты,-деген болатын. 
Астана - Қазақстанның мақтанышы, көз қуанышы.Бүкіл ел абыройының асқақ көрінісі, мемлекетіміздің мақтан тұтар айнасы. Дүниежүзі халықтарының көпшілігі туристік, дипломатиялық сапармен қонаққа келіп, елордамыздың жылдан-жылға көркейіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму қарқынын үдете түскеніне таңырқай да тамсана да қарайды. Бүгінгі таңда Астана әлем елдерінің тарихында шапшаң жылдамдықпен қарыштап, инфрақұрылымдық сатылардан тайсалмай, өсіп-өркендеп келе жатқан еңселі шаһарлардың бірі де бірегейі,- деп кең көлемді мағұлмат беріп, Елордамыз – Астана жайнай берсін деп ізгі тілегін жеткізді. 
Аталмыш көрмені кітапхана оқырмандары, Қазақстанның болашағы жастарымыз БҚИТУ студенттері А.Сәдуақас, А.Құдайберген, Шымкент қаласындағы ОҚМПУ студенті А.Серікқызы, Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медициналық университеттің студенті Ф.Әжіғұлова және кітапхана қызметкерлері қатысып, тамашалады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
12 қаңтар 2018 ж. 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031