Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Димаштың даңқы, ғарыш - 2017 жыл танымал қазақстандықтардың есінде несімен қалды

Димаштың даңқы, ғарыш - 2017 жыл танымал қазақстандықтардың есінде несімен қалды

Танымал қазақстандықтар ҚазАқпарат тілшісіне өтіп бара жатқан Тауық жылы несімен есте қалғанын айтып берді.
Олимпиада чемпионы Илья Ильин өтіп бара жатқан жылдың басты оқиғасы ретінде елордамызда өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін атады. Оның пайымынша, ол үш айға созылған нағыз үлкен мерекеге айналды. Сонымен қатар даңқты спортшы өзі үшін 2017 жылы сынақ жылы болғанын да жасырмады.


«Көп жайтты еңсеріп, түсінуге, бейімделуге, ересек бола түсуге тура келді. Ағымдағы жылы тұлға ретінде біршама есейгенім қуантады. Өтіп бара жатқан жыл көп дүниені үйретті. Сондықтан рахметімді айтамын. Ауыр жыл болды, солай болуы да керек шығар. Көптеген елде болдым. Экономика бойынша әлемнің  үздік он елі мен аталған үздікке кірмейтін мемлекеттерді салыстырдым. Көп нәрсені түсіндім. Біздің елімізде бәрі жақсы, өмір өз арнасымен ағуда. Бізге 26 жыл. Бұрын қалай болғаны да есімде. Мен - қызылордалықпен. Бұрынғы мен қазіргі кезең - жер мен көктей. Біздерге шағымдану күнә болар», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Олимпиада чемпионы әзірше 2018 жылға еш жоспар құрып отырған жоқ.
«Таяу күндері Аяз атаға хат жазамын, сонымен қатар жоспарларым жайында да ойланатын боламын», - деді ол.
Танымал қазақстандық шоумен Нұрлан Қоянбаев үшін Тауық жылы қауырт болды. Ол туған-туыстардың бір-біріне қол ұшын беруі жайында сыр шертетін «Америкадағы қазақша бизнес» деп аталатын комедиясын елордада көрермен назарына ұсынған болатын.


«Димаш Құдайбергеннің триумфальды өнер көрсетуі мен «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуі есімде қалыпты. Мен үшін бұл жыл қызықты болды. Өйткені, алғаш рет қазақстандық киноны Америкада түсірдік. Елордамыздың КТК командасы биыл Жоғары лиганың алтын медалін жеңіп алды. Өтіп бара жатқан жылда туған бауырым шаңырақ көтеріп, қызым мектепке барды. Ұлым 7 жасқа толмаса да мектепке бердік. Жалғыз өзі үйде не бітіреді», - деді Нұрлан Қоянбаев.
«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның ғарыш жүйелерін құру және пайдалану жөніндегі вице-президенті, ғарышкер Айдын Айымбетов ағымдағы жылы жұмыста алға қойылған барлық міндеттердің орындалғанына көңілі толады. «2017 жылы  көп жетістік болды. Егер жұмысыма қатысты айтар болсам, алға қойылған барлық міндеттер орындалды. Сол үшін ұжымыма ризашылығымды білдіремін. 2018 жыл мұнан да күрделі болады. Өйткені, ғарыштық мониторингті қолдау барынша кеңейіп келеді. Сондықтан ұжымымды барынша ауыр жұмысқа бейімдеп отырмын. Барлығымыз да жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл қызықты жұмыс. Біздің қызметіміздің аясы  кеңейіп келеді. Көптеген салалар ғарыштық мониторингті пайдалана бастады», - деді ол.
Ғарышкердің айтуынша, отбасылық тұрғыда «бәрі тұрақты, жаңалық жоқ». Дегенмен ол бұл да жақсы деп есептейді.
«Отбасылық тұрғыда бәрі тыныш. Ешкім дүниеге келген жоқ, бәрі дұрыс. 2017 жылы теңге бағамы еркіндікте болды. Доллар көтеріліп кетсе, халық алаңдайда, теңге нығайса халық қуанады. Дегенмен, ең бастысы экономикамыз төтеп беріп, енді алға қарай ілгерілей түсуде. Өзім де, отбасым да келе жатқан 2018 жылды зор қуанышпен қарсы аламыз деп ойлаймын. Елбасымыздың басшылығымен еліміз дамуға қарай ілгерілей береріне сеніміміз мол», - деді Айдын Айымбетов.
Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева өтіп бара жатқан жыл есте қаларлық айрықша оқиғалармен ерекшеленгенін баса айтты.
«2017 жылға алғысым шексіз. Өйткені, бұл жылда еліміз үшін тағдыршешті шешімдер өте көп болды. Ағымдағы жылы Чайковский атындағы халықаралық байқауды өткіздік. 60 жылдық тарихи бар байқау Қазақстанға алғаш рет ұйымдастырылды. Студенттеріміздің аталған байқаудың лауреаты атанғанына қуаныштымыз. 1986 жылы осынау мәртебесі зор байқаудың лауреаты атану бақыты маған да бұйырған еді. Содан бері біздің бірде-бір оқушымыз не студентіміз аталған шекті еңсере алмай келген еді. Ал биыл студенттеріміз жеңіске жетті», - деді ол.


Танымал скрипкашы елордада өткен «Еуразия» халықаралық кинофестивалін және оның аясында орын алған күлкілі жайтты да есіне алды.
«Аталған кинофестиваль аясында Николас Кейдж, Эдриан Броуди, Джон Малкович сынды әлемдік жұлдыздарды шақырдық. Олардың барлығы да Қазақстанға алғаш рет келіп, Астананы көрді. Тіпті мемға айналып, бүкіл әлемге тарап кеткен сурет те бар. Бұл да біздің мемлекетімізге, дәстүрімізге, қазақтың шапанына үлкен жарнама десек артық болмас», - деді күліп  университет ректоры.
Сонымен қатар ол отбасындағы жаңалықтарымен де бөлісті.
«Отбасыма келер болсам, кішкентай екінші немерем Асылжан балабақшаға барды. Соған қатты қуандым. Екі немерем бар, бірі - оқушы, екіншісі сәл еркетайлау. Қазақ балақшасына барады, ағылшын тілінде сөйлейді, жалпы полиглот десем болады. Ал келер жылы ең алдымен елордамыздың мерейтойлық датасын күтемін. 20 жыл болады. Елордамен қатар біздің университет де мерейтойын атап өтеді», - деді Айман Мұсақожаева.
30 желтоқсан 2017 ж. 563 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930