Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12 наурызы күні Қызылорда қалалық қосымша білім беру орталығында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» облыстық театрланған қойылым-байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау. Сондай-ақ, оқушылардың бойына ұлттық рухани байлықты сіңіру, көнерген салтымызды қайта жаңғырту, үлкендерді құрметтеуге, кішіге ізетті болуға баулу, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қойылымда оқушылар өздерінің командаларын таныстырып, көнерген салт-дәстүрге байланысты дайындап әкелінген көріністерін көрсетті.
Қыз- нәзіктіктің, сұлулықтың көрінісі. Ару қыздарымыздың мерейлі мерекесі қарсаңында өткізілген бұл іс-шара қазақтың салт-дәстүрін дәріптеумен қатар, ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, бала бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыруда титімдей үлесін тигізеді деп сенеміз.
Облысқа 9 команда 62 оқушы қатысып, 4 команда білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.
«Қырмызы гүлдер» тобы- Қазалы ауданы, №266 мектеп-лицейі І дәрежелі диплом иеленді. 
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.




13 наурыз 2018 ж. 2 324 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930