Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дін мен дәстүр сабақтастығы

Дін мен дәстүр сабақтастығы

Сәрсенбіде Әйтеке би кенттік клубында «Салт-дәстүр мен діни рәсімдер сабақтастығы» тақырыбында аудандық діни-танымдық семинар өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов қатысып, дін мен дәстүрдің сабақтастығы туралы кеңінен талқылады. Ол қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қазақ халқының салт-дәстүрі ислам дінімен ұштасып, шариғат үкімдерімен сабақтасып жатқандығын тілге тиек етті. Жиылғандарға ысырапшылдықты болдырмай алдын алу жолдарын қарастыру қажеттігін айтты.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, ардагер-ұстаз Шарапат Алтынбаев, «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов, «Қожаназар ишан» мешітінің имамы Кенжебай Берінбаев ұлттық құндылықтардың исламмен үндестігі жайлы баяндады. Сондай-ақ, тарих пен салт-дәстүрдің дінмен сабақтастығына тоқталып, салиқалы ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, аудан тұрғындары: Ә.Жанаев, Т.Ерғараев, С.Берденұлы, Ө.Күлімбетов әр ру басының ақсақалдарын жиып, қаралы үйдегі ысырапшылдықты шектеп, шапан тарату үрдісін тыю ұсыныстарын ортаға салды.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
17 мамыр 2018 ж. 2 359 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031