Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұлылардан ұлағат

Ұлылардан ұлағат

Әйтеке би кенттік клубында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Діни салауаттылық – қауіпсіздік діңгегі» атты кеш өтті. Оны №5 кітапхана мен Әйтеке би кенті әкімі аппаратының кенттік клубы қызметкерлері ұйымдастырды.
Исламның шынайы құндылықтарын түсіндіруді көздеген шарада «Әли Муса» мешітінің жамағаты «Ұлылардан ұлағат» тақырыбында шағын көрініс ұсынды. Туған елдің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге негізделген кеште аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Нұржаубаев дәстүрлі емес діни ағымдар жайында баяндады. Аталған теріс ағымдар қоғам санасын улап, дендеп кетпеуі үшін бірауыздан көп болып атсалысу керектігіне тоқталды.
Оның мәлімдеуінше, байырғы аталарымыз адаспай, шынайы ислам дінін ұстанды. Дана қазақ ұрпағын «Ұят, жаман, обал болады» деген үш ауыз сөйлеммен тоқтамға келтіріп отырды. Бұл сөздер шариғат үкімдерімен ұштаса құрылған ырым-тыйымдар санатында болған.
Сондай-ақ, қазіргі күні діни қызмет пен бірлестіктер туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы ұсынылуда. Қандайда бір сауал туындаса, теріс ағымның жетегіне ермес үшін жауабын жергілікті мешіт имамынан сұрау қажеттігін жеткізді.
Тағылымды жиын барысында «Әли Муса» мешітінің имамы Б.Қаниев көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға шариғат үкімдеріне сай тұшымды жауабын берді. Әнмен әрленіп, күймен сүйемелденген басқосуды қорытындылаған аудандық орталықтандырылған кітапхана меңгерушісі И.Назарова тәрбиелік мәні зор кешке атсалысқандарға алғысын білдірді.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ.


26 ақпан 2018 ж. 1 771 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031