Ауыл хикаялары
Ауылымызда Дәкең атты азамат тұрады. Аңқылдаған, ақкөңіл адам. Басынан өткен кейбір жайларды ішіне бүкпей айтып отырады. Соны құрдастары мен әзілі жарасатын інілері бірдеңелерді қосып, әсірелеп жұртты күлкіге қарық қылады. Оған Дәкең ренжімейді. Миығын тартып күледі де қояды.
Ашылып-жабылғанында нем бар еді?
Бір күні түс ауа Дәкең жаман ауын көктеп көлеңкеде отырады. Тұсынан өтіп бара жатқан құрдасы Күмісбай мотоциклін тоқтатып:
– Дәке, қарап отырғанша менімен жүр. «Жалтыр көлге» құс келіп жатқан көрінеді, – дейді.
Күмісбайдың «охотадан» құр қайтпайтынын білетін Дәкең астына салып отырған шағын қапшығын алып, мотоциклдің тақтай люлкасына жайғасады. Әні-міне дегенше «Жалтыр көлге» жетеді. Мотоциклдің дауысын естіген құстар тоқтаған кезде дүр етіп ұшады да қамыстың арасына барып қонады.
Ілестіре әкелген екі мылтықты оқтап, мотоциклге сүйеп қойған Күмісбай, қос ауызды қолына алып:
– Дәке, неғып тұрсың, құс қайыр, – дейді.
Дәкең оң жақтағы суды шалпылдатып, топ қамысқа қарай жүгіреді. Пыр етіп ұшқан үйрек, қасқалдақты атылған оқ құр жібермейді. Біресе қос ауыздан, бір есе дара ауыздан атылған оқ тиген үйрек, қасқалдақтар көлге шолп-шолп түседі. Күмісбай:
– Дәке, давай бас, – дейді. Балақты түріп үлгерместен көлге қойып кеткен Дәкең құлаған құстарды жиекке әкеліп тастап, қайта кетеді. Қыза-қыза тереңге түскендерін жүзіп барып, аузына тістеп келеді. Алланың берген несібесі. Дәкең суды шалпылдатқан сайын, арғы жақтан атылған мылтықтан үркіп дауысынан бері қарай ұшқан құстар Күмісбайдың атқан оғынан құтылмай суға құлап жатады. Дәкең қолына ілінгенін қолымен ұстап, қолына сыймағанын аузымен тістеп әкелгендіктен біраз құс жиналады. Күн еңкейген кезде:
– Дәке, көп еңбек жасадың. Күн де батып бара жатыр. Қайтайық. Мә, сыбағаң, – деп оншақты үйрек пен қасқалдақты алдына тастаған Күмісбайға:
– Бүгін қолың ашылыпты ғой, – дейді сыралғысын қапшығына салып жатып.
Миығынан күлген Күмісбай:
– Дәке-ау, қол бұрыңғыша ғой. Артығын Барбостың қызметін атқарғаның үшін беріп жатқаным ғой, енді охотаға үйдегі итімді емес сені алып шығатын шығармын, оның аузынан сенікі адал ғой, – дейді.
Жаңа мотоциклдің үстінде келе жатқанда Күмісбайдың «аңшы иті Барбос пен резеңкі қайықты балаларының теңізге алып кеткенін айтқаны» есіне түсіп, тілін тістейді.
Осы әңгімені айтып отырып:
– Өзіме де сол керек. Қолының ашылып, жабылғанында нем бар еді, – деп күлетін көрінеді жарықтық.
Көз тоймайды деген рас екен-ау...
Бірде Дәкең «Ковровец» деген тырқылдақ мотоциклін қоттап, жаман ауын қапқа салып, «бір-екі мөңке алсам да нем кетіпті?» деп суы тартыла бастаған көл табанға тартады. Құдайдың құдіреті қалың қамыстың арасынан шалпылдаған дауыс естіледі. Мотоциклін сүйреп жақындаса, қазан шұңқырда бықылдаған балық. Балақты түріп жіберіп, Дәкең суға қойып кетеді. Құлаштай-құлаштай сазандарды лақтыра береді. Бір кезде қараса жиекке біраз балық шығып қалыпты. Сонда ғана ау салған шағын қапшықтан басқа ыдысы жоқ екені есіне түседі. Ауды алып тастап қапқа сала бастаса төрт-бес балықтан артық симайды. Сөйтіп тұрғанда машинаның үні есітіледі. Дәкең қуанып кетеді. Мына байлық бәрімізге де жетеді. «Алған балығымды машинамен үйге жеткізіп алмаймын ба?» деген ойға келіп машинаға жүгіреді. Айқайын есітпегесін күз-көктемде басынан тастамайтын құлақшынын бұлғайды. Машинаның бұрылғанын көргесін алдына түсіп балықтарға қарай бастайды. Қазан шұңқырға жеткенде Дәкең машинадағы жазуды көргенде суға былш етіп отыра кетеді. Көлік ішінен Аманөткелде тұратын балық инспекторлары түсіп жатыр. Дәкеңде тіл жоқ. Жас жігіттің біреуі Дәкеңнің қолын артына қайырып, «Уазға» тығады. Біреуі өле қоймаған балықтарды суға қайта жібереді. Балық инспекторы рациясын алып әлдекімдерге балық жайлы, бір адамды осы жерге қалдыратынын айтып:
– Ана балықтарды, ауды машинаға сал. Біреуің мотоциклді айда. Бұл азаматпен қалаға барған соң сөйлесеміз, бұрын кеткендер күтіп қалды, машинаға мініңдер, – деп бұйырады.
Дәкең ағамыз Құдайдан тілеген адам ғой. Ақтауға жетпей алдарынан аудандағы жиналыстан қайтқан ауыл әкімі мен мектеп директоры кездеседі.
Машинаның есігіндегі «Рыбнадзор» деген жазуды көргеннен-ақ мәселеннің мәнін түсінген ауыл әкімі инспекторға жалынады:
– Ауылымыздың сыйлы ақсақалы еді, көре тұра қалай жібереміз? Бір жолға кешірім беріңіз. Торта-тобырға бола ақсақалымыздың абыройын төкпеңіз, болмаса айыппұл салыңыз, – десе машинада отырған Дәкең:
– Қайдағы торта-тобыр, Берікжан, сен көрген жоқсың. Балық болғанда қандай, мынандай, – деп құлашын созып, жұдырығын қасындағы автомат асынған жігіттің мұрынына тақайтын көрінеді.
– Әне, естідіңдер ме? Балық болғанда қандай, сазандар. «Броконьер» деп штраф салсақ, шашының түгі жетпейді. Және оны сот шешеді.
– Ағажан, есебін тауып, бір жақсылық жасаңыз. Біз де бір кәдеңізге жарармыз. Екі жігіт жарыса жалынады.
Жігіттерге, жолда тұрған «Нива» машинасына бір қарап алған инспектор:
– Жарайды! Машинаны жолдан алыңдар. «Рұқсатсыз ау салған» деп квитанция жазып беремін. Ауды аресттаймыз. Ертеңнен қалдырмай поштаға төлеңдер, – деп қағазға шұқшия беріп, «босата бер» дегендей автоматты жігітке басын изейді.
Дәкең машинадан түсе сала мотоцикліне жармасады. Алтынбек машинасын жолдан алады. Рыбнадзордың машинасы кетісімен, мектеп директоры:
– Дәке, қай жердегі қазан шұңқыр? Барып бір-екі асым балық ала кетейік те ауылға – десе, Дәкең:
– Қазан шұңқырың да, балығыңда құрысын. Адам өзі ішпей-жемей сотталып кеткелі тұрса, – деп рахмет айту да жоқ мотоциклін тырқылдатып тайып тұрыпты.
Кейін есін жинаған соң жігіттерді үйіне шақырып, шайын беріп отырып:
– Бұл адамның көзі тоймайды деген рас екен. Үйден «бір-екі мөңкеге» зар болып шығып, мол балықты көргенде бәрін ұмытқанымды айтам-ау. Күнде барып шетінен үш-төртеуден алып тұрсам болатын еді. Облыс бойынша жүріп жатқан «Броконьер» деген тексеріске тап болармын ба?!
Өркені өсіп, бала-шағасының рахатын көрсін! Ауылдың азаматтары, осы балалардың арқасында абыройсыздыққа қалмағаныма шүкірлік қыламын, – дейтін көрінеді.

Құдайберген ЕСЕКЕЙ