Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылдан бастап ұялы байланыс тарифтері қаншаға қымбаттайтыны белгілі болды

Жаңа жылдан бастап ұялы байланыс тарифтері қаншаға қымбаттайтыны белгілі болды

Бағаның өсуіне қосылған құн салығы да әсер етпек
Жаңа жылдан бастап ұялы байланыс тарифтері қаншаға қымбаттайтыны белгілі болды
Фото:
istockphoto.com
Қазақстандағы ұялы байланыс операторлары 2026 жылы тарифтер тағы қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Beeline Kazakhstan холдингінің президенті Евгений Настрадиннің айтуынша, келесі жылы тарифтер шамамен 20 пайызға қымбаттайды.
«Біз бағаларды жылына бір реттен жиі көтермейміз. Келер жылы бәрімізді қосылған құн салығының қымбаттауы күтіп тұр — бұл салаға 35-40 млрд теңге шамасында әсер ететін маңызды фактор. Біз бағаны қаңтар айында өзгертуді жоспарлап отырмыз. Ал биыл клиенттер үшін тарифтер өспейді. Келесі жылы шамамен 15-20% шамасында болады», — деді Настрадин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
«Мобайл Телеком-Сервис» компаниясы да жаңа жылдан бастап тарифтерді қымбаттатуды жоспарлап отыр.
«Тариф қымбаттауының басты себебі — халық тарапынан өсіп жатқан сұраныс пен оған ілесе алмай жатқан инфрақұрылым. Операторлар инфрақұрылымға көбірек инвестиция салуға мәжбүр. Өзіміздің бюджеттік жоспарлауымыз аясында экономикалық және салық өзгерістерін, инфляциялық болжамдарды ескереміз. Біз тариф жоспарларын түзету мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Шамамен 15-20% деңгейінде болады деп болжауға болады», — деді «Мобайл Телеком-Сервис» басқарма төрағасы Александр Бабичев.
Ал «Қазақтелеком» АҚ бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамовтың айтуынша, ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелерінде операторлардың шығындары артқан жағдайда тарифтерді көтеруге болатын норма бар.
«Тариф құрамына операторлардың бірқатар шығыны кіреді, соның ішінде электр энергиясына, жабдық сатып алуға жұмсалатын шығындар бар. Егер бұл шығындар өссе, ол тарифтердің өсуіне әсер етпей қоймайды», — деді Мейрамов.



21 қазан 2025 ж. 250 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 129

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 116

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 123

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031