Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Прагада электросамокаттарға тыйым салынады

Прагада электросамокаттарға тыйым салынады

Фото: ©Pixabay.com
Чехия астанасы Прагада 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап кикшеринг компаниялары жалға беретін электросамокаттарды пайдалануға іс жүзінде тыйым салынады. Бұл шешім 20 қазан күні қалалық мэрияда қабылданған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Чехтер келесі жылдан бастап елде кәдімгі және электрлі велосипедтерге арналған жаңа тұрақ ережелері енгізіледі. Енді қос дөңгелекті көлікті арнайы жабдықталған тұрақ аймақтарында ғана қоюға рұқсат беріледі.
Алайда ол тұрақтарға электросамокаттарды қоюға болмайды және оларды кез келген жерге тастап кету де заңсыз әрекет саналады. Осылайша жергілікті билік бұл көлік түрін іс жүзінде қала ішінде заңсыз деп тапты. Бұл шектеу жалға берілетін самокаттарға ғана қатысты екенін айта кеткен жөн, себебі жеке самокат иелеріне ешқандай шектеу жоқ.
Прагада электросамокаттардың қауіпсіздігіне қатысты талқылаулар біраз уақыттан бері жүріп жатыр. Туристік аудандардың бірінде тіпті референдум өткізіліп, нәтижесінде самокаттардың жүруіне толықтай тыйым салынған. Билік самокатшылардың жиі жол-көлік оқиғаларына себеп болатынын алға тартады.
Бұған дейін жалға берілетін самокаттарды қолдануға Париж, Мадрид, Сингапур, Шанхай, Амстердам және Торонто қалаларында да тыйым салынған.
21 қазан 2025 ж. 173 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 140

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 146

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031