Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қыдыр көрген Құттыбай

Қыдыр көрген Құттыбай

Өркендеу ауылдық округінің маңы аты аңызға айналған тұлғалардың естелігіне тұнып тұр. Соның қатарында Құттыбай Ақболұлының мазарын ерекше атауға болады. Құттыбай кесенесi ХIХ ғасырдың аяғында салынған. Қазалы қаласынан 25 шақырым қашықтықта Жанкент ауылында орналасқан республикалық санаттағы архитектуралық ескерткiш.

Құттыбай Ақболұлы шамамен 1807 жылы туылып, 1900 жылы дүниеден өткен. Кесенені әкесi Ақбол бидiң құрметiне өздерiнiң атақонысы, ежелгi Жанкент қорғанының iргесiнен оңтүстiк батысқа қарай 5-6 шақырым қашықтықта күмбездi етіп тұрғызған. Оны салдырған кезде жергілікті кірпіш зауытына 70 биенi байлап, сүтiн сауып қолданған. Сол заманда құрылыс заттарын төзімді етіп дайындау әдістері ерекше болған. Қазір оны қайталау мүмкін емес. Ел аузындағы әңгіме бойынша саз топырақты биенiң сүтiне илеп, сексеуiлдiң шоғына күйдiрген. Содан 23 түрлi үлгiде қыш кiрпiш дайындалған. Кесененiң көлемді салынғаны соншалық iшiнде 7 адамның мүрдесі қойылған. Бейіттi бітіргеннен кейiн үш жыл өткен соң, Құттыбай 93 жасында қайтыс болады. Кейiн архитектуралық ескерткішті халық «Құттыбайдың кесенесi» деп атап кеткен.

Құттыбай Ақболұлы сері, өте бай, батыр болған. Өзінің ұзақ ғұмырында үш рет Қыдыр көріп, көріпкел атанған. Билігімен қоса оған төрт түлік малдың да жиналып, зор байлықтың иесі атануы да осыны растаса керек. Малының көптігі соншалық жылқы саны 15 мыңдай болған деседі. Бір күні Құттыбай жорықта жүргенінде аты қатты кісінейді. Қараса, тұлпарының бауырында үлкен қара құман тұрады. Оның шідерін шешейін деп оқталса, құман алды-артына жылжиды. Көрген жайтқа түсінбеген батыр шідерді шешіп, атқа мінеді де, құманды бір шабады. Сол сәтте есінен танып құлайды. Бұдан кейін ол басына ақ сәлде орап, қолына күміс таяқ ұстап, әулиелік жолға түседі деген аңыз бар.

Оның ел билігіне араласқан шағы Сыр бойына қоқандықтар мен хиуалықтардың өктемдік саясатын жүргізіп тұрған кезеңіне сәйкес келеді. Олардың қазақтарды бағындыру және елден алым-салық, зекет жинау кезіндегі асыра сілтеушілігіне қарсы өз кесімін тайсалмай айтып отырған. Басқыншылардың үстемдігіне қарамас­тан әділ төрелік жасаған Құттыбайды жергілікті қазақтар «Хан Құттыбай» деп те атаған. Ол 1848-1856 жылғы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған отаршылдыққа қарсы күреске белсене араласқан билердің бірі. Батыр бабаның өзі Құттыбай бидің әділдігіне бас иген. Сондықтан да оны бітпейтін дау мен шағымдарды шешуге жіберіп отырған. Ел арасында да Құттыбайдың қара қылды қақ жарған өткірлігі мен әділдігін құрметтегендер “аузы дуалы би” деп дәріптеген. Ол талай дауды шешіп, әділ төрелігімен үш адамға құн төлеткен. Екі кісінің пайдасына мал айдатып берген. Шағымдарға осындай тура бітім қабылдап отырған. Айналасына қамқорлығы мен шапағатын мол тигізгені үшін ел оны ерекше қадір тұтқан.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

14 желтоқсан 2019 ж. 1 530 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031