Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкенің бай-кедейі бола ма?

Әкенің бай-кедейі бола ма?

Коучка кіріптарлық көбейді. Психологтың пәтуасына сеніп, мотивация аламын деп манипуляцияның тұзағына түскенімізден бейхабармыз. Қазір көбі бай болғың келсе, ақша жұмсама дейді. Есептеуді, үнемдеуді үйреніп, бай болудың жолын сілтейді. Дегенмен коучтар байып жатыр, ал біз ше?
Бүгінде әлеуметтік желіні ашсаң — миллионер, кітап дүкеніне кірсең — «қаржылық еркіндік». Қазақстандық нарықта «ақша сауаты» тренді нағыз бизнеске айналды. Бірақ осы коучтар мен бестселлер кітаптардың қайсысы пайдалы, қайсысы «әдемі ертегі»? Роберт Кийосакидің «Бай әке, кедей әкесі» немесе Наполеон Хиллдің еңбектері — классика. Олардың берер басты пайдасы психологияны өзгерту. Олар сізді кедейлік шеңберінен шығып, ақшаға құрал ретінде қарауға үйретеді. Кітаптағы қысқаша мазмұн мынадай:
«Менің бірі бай, бірі кедей екі әкем бар. Бірі тамаша тәрбие көрген, ғылымның әр саласын игерген, докторлық атақ алған, екі жылға жетпейтін уақыт ішінде толық курсты аяқтап, Стэнфорд, Чикаго, Батыс Солтүстік университеттерінде білім алып үлгерді. Ол тек оқып қойған жоқ, өзі оқыған жоғары оқу орындарының барлық сыйлықтарына да ие болып отырды. Енді бір әкем ше? Ол бірінші әкеме мүлде керісінше. Мектепті толық аяқтамаған. Екі әкем де табысқа жеткен адамдар. Олар өмір бойы құлшынып өтті, екеуі де мол ақшалы. Бір ғажабы, бірі экономикалық қиыншылықта жасап келді, бірі маңдайы жарқыраған бай болды. Бірі көз жұмар алдында үлкен қайырымдылық қорларына, жетімдер үйіне миллиондаған қаржысын аударып кетсе, енді бірінің артында миллиондаған қарыз ақша қалды. Шындығында екеуі де қайтпас қайсар, баурау қуаты күшті, басқаларға теңдессіз ықпал көрсете алатын адамдар еді. Екеуі де маған әр қырынан тәрбие беріп отырды. Алайда, тәрбиелерінің мазмұны ұқсамайтын еді. Олардағы бір ортақтық – екеуі де білімнің құдіретіне ерекше сенетін, бірақ, маған беретін сабақтарының мазмұны ұқсамайды. Егер жалғыз әкем болса, оның талабын қабылдай салу оншалықты ауыр болмаушы еді».
Мәселе неде? Батыстың кітаптарында жазылған инвестициялық құралдар мысалы, АҚШ-тың қор нарығы немесе салық жеңілдіктері біздің Қазақстанның заңы мен экономикасына әрқашан сәйкес келе бермейді. Сондықтан кітапты «сиқырлы таяқша» емес, бағыт беретін карта деп қабылдау керек.
Қазіргі коучтардың ең үлкен айласы — «Табысты сәттілік» (Успешный успех) бейнесін сату. Олар сізге инвестициялық портфель жинауды емес, «байлық энергиясын шақыруды» немесе «миллионерше ойлауды» үйреткісі келеді. Егер коуч сізге «айына 100% табыс табасың», «еш тәуекелсіз байисың» немесе «тек менің курсымды сатып алсаң болды» десе — бұл сіздің ақшаңызды «сауудың» амалы. Нағыз қаржылық кеңесші сізден бұрын өзінің акциялардағы, бизнестегі немесе жылжымайтын мүліктегі нақты кейстерін көрсете алуы тиіс. Қазір біздің елдегі коучтардың көбі шетелдік курстарды аударып алып, өз атынан ұсынып жүр. Олардың басты табысы — инвестиция емес, сол курстың өзін сатудан түскен қаражат. Бұл — парадокс. Сіз оның курсын сатып алу арқылы оны байытасыз, бірақ өзіңіз байып кетпейсіз. Не істеу керек? Төрт қадамдық сүзгіні қадағалаңыз. Алдымен тегіннен бастаңыз. YouTube-те немесе ашық дереккөздерде базалық білім (депозит, пайыздық мөлшерлеме, инфляция) жетіп артылады. Оған ақша төлеудің қажеті жоқ. Тәртіп (Дисциплина) — басты коуч. Егер сіз айына 200 мың теңге тауып, оның 210 мыңын жұмсасаңыз, ешқандай коуч сізді құтқара алмайды. «Бос шығын» диетасы: Бай болу — ақшаны шашпаудан басталады. Қымбат телефон, бренд киім, тойға несие алу — бұл кедейлік психологиясының нышандары. Күмәнді жобалардан қашыңыз. «Ақшаңды сал да, ештеңе істемей отыр» деген ұсыныстың бәрі — қаржылық пирамида.
Ақша сауаты туралы кітаптар мен курстардың пайдасы бар, бірақ ол тек нұсқаулық қана. Ал байлыққа жеткізетін — коучтың әдемі сөзі емес, сіздің күнделікті тиын санап, есеппен жұмсаған қаржылық тәртібіңіз. Басқаны байытпас бұрын, өз қалтаңызды күзетуді үйреніңіз. Қош. Жасанды интеллект бейнелеп берген мақала суретінен не аңғардыңыз?
Айнұр ӘЛИ
Фото: Жасанды интеллект
04 сәуір 2026 ж. 25 0

Салт пен сабақтастық

04 сәуір 2026 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930