Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сыры көп шаһарға сапар

Сыры көп шаһарға сапар

Республикамыздың өзге аймақтарымен бірге Сыр өңірінде айрықша атап өтетін қасиетті орындар жеткілікті. Сол құндылықты көпшілікпен бірге еліміздің болашағы – жас ұрпаққа тереңірек таныстырудың маңызы зор. Өйткені, өткен тарихымызды білмей, мәдени мұраларымызды зерделемей, бүгіннің қасиетін жете бағалай алмаймыз.
Осы қажеттіліктің орнын толтыру мақсатында ел Президенті 2017 жылдың сәуір айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, мерейлі міндеттер белгіледі. Расында да, Қазақстанның киелі жерлерінің белдеуі – бізді рухани жұтаңдықтан сақтайтын қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыз.
Елбасының алға қойған жарқын жоспарларын жүзеге асыру бағытында Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі ұжымы мен Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің тарих пәні мұғалімдері бірлесіп, «Туған өлкем – тұнған шежіре» атты тарихи-танымдық тобын жасақтады. Олар алдымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне енген ежелгі Жанкент қалашығының орнына ат басын тіреді. «Туған жер» бағдарламасы аясында ескі шаһар тарихымен жан-жақты танысты.
Жанкент – республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш. Қазалы ауданының Өркендеу ауылдық округінің орталығымен іргелес жатқан биік төбешік басқанында VІІ-ХІV ғасырларда Жанкент, Янгикент қаласы болған. Түрікмен тарихшысы Абұлғазы Баһадүрдің айтуынша, ол оғыз еліне жүздеген жыл астана болып келген. Сыр өзенінің аяғын ерте заманда оғыздар мекен етіп, патшалары Жанкентте отырған. Көне шаһар Сыр өзенінің сол жақ бетінде, Қазалы қаласынан 15 шақырым жерде жатыр.
Қазіргі күні биік төбе үстінде топырақ басқан қорған қабырғалары сақталған. Жанкенттің қалай жермен жексен болғаны туралы ел аузында сан түрлі аңыз-әңгімелер айтылады. Алайда, нақты дәлелді деректер жоқтың қасы.
Барлығы 15 адамнан құралған тарихи-танымдық экспедиция мүшелері оғыздар елінің астанасы атанған бұл қаланың Ұлы Жібек жолында жатқанын білді. Сауда-саттықтың орталығында мезгілінде түкті кілем, түскиіз тоқитын, ат әбзелдерін, садақ-жебе, көзе-сауыт жасайтын шеберханалардың көптеп болғандығы жөніндегі тың мағлұматтарға қанықты. Сонымен бірге, Өркендеу ауылындағы №104 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Омар Жұмағалиев білім шаңырағы жанындағы музейге қойылған Жанкент шаһарынан табылған тұрмыстық заттар мен құмыра сынықтарын таныстырды.
«Сәлемнің де сәті бар» деген. Біз Жанкент қалашығына саяхаттап барған кезде Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің археологтары қаланың орнын қалпына келтіру жұмыстарын қарқынды жүргізу үстінде екен. Археолог Сейдалы есімді азамат қалашықтың толық зерттелу барысы туралы айтып берді. Ғасырлар қойнауында қалған құпияға толы сырларды ерекше қызығушылықпен тыңдадық.
Туған жерге тағзым етіп, қойнауын түлету – перзенттік парыз. Ұлттық бірегейлік темірқазығы саналатын «Туған жер» жобасы патриоттық тәрбиенің негізгі өзегі. Олай болса ұлттық құндылықты туризм тармағына түсіріп, болашағымызға келелі нәрсе қалдыруды көздеген сала мамандары рухани жаңғырудың бет-бейнесін жаңартатынына сенім мол.
Сәкен ӘЛІШЕВ,
Қазалы аудандық тарихи-өлкетану
музейінің директоры.
05 шілде 2018 ж. 1 620 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930