Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда орасан зор көлемде жер байлығы табылды

Қазақстанда орасан зор көлемде жер байлығы табылды

Жер асты байлығымен жаһанға танылып, қазынасының біраз бөлігін шикізатпен толтырған Қазақстан жақын арада бұл позициясынан қайта қоймайтыны анық. 
Фото: Жасанды интеллект негізінде жасалған
Әсіресе, геологиялық барлауға басымдық беріліп отыр. Мәселен, былтырдың өзінде елімізде 17 кен орны ашылған.
Бірақ нарықта бұрынғыға қарағанда сәл өзгешелік байқалады. Мұнай және газ емес, енді сирек кездесетін металлдар "жаңа заман мұнайына айналды".
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, елдегі жаңа барлау жұмыстары 2 млн 38 мың шаршы шақырымға жетіпті. Ал биыл тағы 100 мың шаршы шақырымды геологиялық картаға түсіру жоспарланған. 20 жоба-сметалық құжат дайындалып, оларды іске асыруға "Ұлттық геологиялық қызмет" АҚ, "Тау-Кен Самұрық" және басқа ұлттық геологиялық барлау компаниялары тартылған.
"Қордың өсімі: алтын – 136,9 мың, күміс – 152 мың, мыс – 74,4 мың, фосфорит 1,3 млн тоннадан астам. Негізгі пайдалы қазбалар бойынша жалпы қор: алтын 2369, мұнай 4,3 млрд тонна, газ 3,8 трлн м³, көмір 33,5 млрд және темір 26,7 млрд тонна. Минералдық-шикізат базасы шамамен 10 мың кен орнын қамтиды, оның ішінде қатты пайдалы қазбалар – 1009, көмірсутектер – 359, 3700-ден астам кең таралған пайдалы қазбалар, 4900-ден астам жерасты суы кіреді", – деп мәлімдеген министрлік.
Сондай-ақ "Ұлттық геологиялық қызмет" АҚ базасында сертификатталған зертханалық кешен құрылуда. Құны 14 млрд теңге болатын жоба 2028 жылы іске қосылмақ. Кешенге зертханалар, қор сақтау қоймалары кіреді.
Жыл басында өткен Орталық коммуни­кация­лар қызметі алаңындағы брифингте Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев саладағы оң жаңалықтарды айтқан еді. Оның сөзінше, мыс, алтын, сирек жер элементтері және басқа да стратегиялық маңызды ресурстарға жаһандық сұраныс артып отырғанда Қазақстан геологиялық деректердің дәлдігін арттыруға және инвестициялық тартымдылығын күшейтуге басымдық беруде.
Жалпы, алдағы 3 жылда мемлекеттік геологиялық зерттеуге шамамен 240 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ 2027 жылы алғашқы перспективалы учаскелер аукционға шығарылмақ.
Барлаудың мұншалық белең алуына расымен қажеттілік туып отырғанын жасырмаған абзал. Мысалы, бір ғана Сыр елінде мұнай өндіру 11 жылдың ішінде 3 есеге төмендеген. Өйткені, табиғи қор сарқылып жатыр. Әзірге мамандар "Арал" шөгінді бассейнін зерттеуде. 2024 жылы "Сырдария" шөгінді бассейнін зерттеу жұмыстары басталды. Зерттеу жұмыстары 3 жылға жоспарланған, алдағы жылы бітуге тиіс.
Күні кеше Премьер-министрі Олжас Бектенов Geoscience & Exploration of Central Asia халықаралық геологиялық форумына қатысты. Осы жиында жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай порталын іске қосу жайы айтылды. Кейінгі 3 жылда геологиялық барлауға шамамен 280 млрд теңге жеке инвестиция тартылған.
Елімізде қазір шамамен 10 мың кен орны бар. Ресурстық базаның едәуір бөлігін сирек жер металдары, оның ішінде 2025 жылы ашылған 800 мың тоннаға жуық церий, неодим, иттрий және басқа да элементтердің қоры бар "Құйрықтыкөл" кен орны құрайды.
Осыған дейін барлауға мақсат етілген 2,2 млн шаршы шақырымның 2 млн шаршы шақырымнан астамы зерттеліп үлгерген. Бұған қоса, жер қойнауын геологиялық зерделеуді қаржыландыру 10 есеге ұлғайған, алдағы 3 жылда шамамен 500 млн долларға жетпек.
Ресми ақпарат көздерінде Қазақстандағы сирек кездесетін металл қоры бар 100-ден аса кен орны анықталғаны көрсетілген. Халықаралық деңгейде қызығушылық тудырған элементтердің қатарында вольфрам, молибден, литий, бериллий, ниобий, тантал, германий, галлий бар. Литий электр көліктерінің аккумуляторларын жасауға, электроника өндірісіне, химия өнеркәсібіне, фармацевтикада кеңінен қолданылады. Бұдан өзге бериллий және тантал энергетикалық трансформация мен жоғары технологиялық өндіріс үшін қажет.
Ең пайдалы жағы, осы элементтердің бағасы аспандап тұр. Ашық дереккөздерде калифорний элементінің келісі шамамен – 13,5 трлн теңге. Осмийдің бір келісі – 1,2 млрд теңге болса, родий шамамен 325 млн теңгені құрайды. Қымбат металл қатарында иридий (115 млн), рутений (16,5 млн) рений (2,9 млн) де бар.
Елімізде бар сирек металдардың арасында алғашқы орынды германий алады. Оның бір келісі әлем нарығында 1 млн теңгеден асып жығылады. Оптика, әскери техника және спутниктік байланыс жүйелерінде қолданылады. Ғарыш пен авиация өндірісіне өте қажет бериллийдің бір келісі 700 мың теңгенің шамасында. Ал күнделікті ұстайтын смартфондар мен қолданыстағы компьютерлер өндірісіндегі тантал элементінің бағасы – 225 мың теңге.
Сирек металдар бағасының көтерілуі экспорттан табатын пайданы көбейтері даусыз. Ресми деректерде сирек металдар өндірісінің көлемі 179 млрд теңгеге жеткені жазылған.
Көбіне Қазақстандағы жерасты байлықтары кешенді болып есептеледі. Мысалы, бір кен орнынан тек мыс емес, алтын да, цинк та, вольфрам да, молибден де алуға болады. Геологтардың сөзінше, кеңес кезінде бір элементті ғана игеріп, қалғанына назар аударылмаған. Ал қазір бір жерден бірнеше пайдалы қазбалар тобы шығуы мүмкін. Бірақ бұл да үлкен ғылыми технология көмегімен ғана іске асады. Осы тұсқа келгенде сала шетелдіктерге кіріптар болатын секілді.
04 сәуір 2026 ж. 60 0

Салт пен сабақтастық

04 сәуір 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930